Ресейде ғаламтор арқылы бірнеше адамды тақырға отырғызған алаяқтар ұсталды. Олар әккі әрекетін ғаламтор арқылы жүргізген. Алдымен смартфонға тапсырыс алады. Содан кейін пошта арқылы смартфон орнына кәдімгі кірпішті жіберіп отырған. Осылайша алаяқтар ондаған миллионды қалтаға басқан. Пошта қызметкерлері әзірге бір бойжеткеннің ұсталғанын хабарлады.