
Қызылордада дзюдодан ел біріншілігінің екінші жарыс күні аяқталды. Ерлер 73, 81 және 90 келі салмақ дәрежелеріндегі чемпиондарды анықтады.
Кешелі бері жұрт күтпеген нәтижелерге де көз үйренді. Мысалы, Рио олимпиадасында өнер көрсеткен Дидар Хамза алғашқы белдесуде бәсекені аяқтады. Рас, Дидар 81 келілік салмақта күрескен. Ал 73 келіде Азамат Мұқанов жүр еді. Бірақ Бекәділ Шаймерденовтен жеңіліп қалды. Бекәділ де мықты спортшы. Халықаралық турнирлерде ысылған. Азамат кейін өз салмағына оралатын шығар. Елдос Жұмақанов та алысқа ұзамады. Қайта Жансай Смағұлов қарымды екен. Әзиз Қалқаманұлының шоқтығы биік. Қарсыластарының алшысын қуырды. 90 келіде Сұңғат Закерияев өз шеберлігін паш етті. Тимур Болаттың өзің жеңген Әсет Ахметжановтың күресі жұртқа ұнады.