jasqazaq.kz

Скутер мінетіндерге құлаққағыс

17 сәуiр 2023, 13:01

Ішкі істер министрлігі электрлі көлік құралдарын қолданудың ережелері мен талаптары туралы ескертті.

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек баспасөз мәслихатында:

«Соңғы жылдары балалар ғана емес, ересектер де белсенді қолданатын түрлі көлік құралдарының саны артты. Олар — электрскутер, самокат, гироскутерлер және т.б. Бұлар да жол қозғалысына қатысушылар. Сондықтан ішкі істер министрлігі электрлі скутерлерді қолдану ережесінің барын еске салады. Электрскутер бір адамға арналған көлік құралы, жылдамдығы 25 км/сағ аспайды. Оның алдыңғы, бүйір және артқы жағы жарықпен жабдықталуы тиіс. Жақын маңдағы адамдарды ескертуге мүмкіндік беретін дыбыстық құрылғысы болуы керек. Жолаушы қозғалыс барысында жан-жағына мұқият шолу жасап отыруы тиіс, ұялы телефонды немесе басқа гаджеттерді пайдаланбау керек. Сонымен қатар рөлді екі қолыңызбен ұстаңыз, көлік құралын ақырын және ұқыпты тоқтатыңыз», — деді.

Электрскутерді қараңғы, шамы көмескі, тар жерлерде, сондай-ақ қозғалысқа кедергі көп жерде мінбеген жөн.

«Көлік көп жүретін және адам көп болатын жерден аулақ болыңыз. Электрскутерде қозғалу кезінде шлем, сондай-ақ қол, білек, тізе, бас және шынтақты қорғайтын құралдарды пайдаланыңыз. Жүк және жолаушы тасымалдамаңыз. Жол ережелерін сақтай отырып, жүретін аумағыңыз бен қозғалыс жылдамдығын таңдау маңызды. Жаяу жүргінші немесе велосипед мінушіге жақындап қалған кезде ескеру белгісін беріңіз», — дейді ол.
Электрскутерге үнемі техникалық қызмет көрсетуді ұмытпау керек.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура