jasqazaq.kz

СҚО-да лауазымды тұлға жауапқа тартылды

05 сәуiр 2024, 10:26

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы лауазымды тұлғаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша шаралар қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл туралы жергілікті прокуратура мәлімдеді.

Талдау нәтижесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі — Заң) қаржылық бақылау шараларын қолданбау түрінде өрескел бұзушылықтар анықталды.

«Аққайың ауданының Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі (бұдан әрі-Бөлім) Заң талаптарын бұза отырып, ведомстволық бағынысты ұйымдардың директорларын қызметке тағайындау кезінде олардың заңда белгіленген тәртіппен 250 үлгідегі салық есептілігін тапсыру туралы хабарламаларды ұсыну шараларын қабылдамаған. Нәтижесінде басқарма басшысы ӘҚБтК-нің 680-бабында көзделген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолданбау туралы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Прокурордың қаулысымен бөлім басшысы айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — делінген хабарламада.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі