jasqazaq.kz

СҚО-да 50 миллион теңгеден астам субсидияны заңсыз алу схемасын анықталды

07 ақпан 2025, 9:55

Қаржылық мониторинг агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі басшысының 50 миллион теңгеден астам субсидияны заңсыз алу схемасын анықтады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Өндірістік кооперативінің басшысы 2019 жылдың мамырынан 2020 жылдың наурызына дейінгі аралықта жалған құжаттарды пайдаланып, сүт өнімдерін өңдеуге бөлінген 50 миллион теңгеден астам субсидияны заңсыз алған.

«Өндірістік шығындарды растау үшін ауыл шаруашылығы басқармасына жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алғаны үшін өзара есеп айырысу туралы жалған құжаттар және май өндірісі туралы қасақана жалған ақпараттар беріп келген. Нәтижесінде сот сүт жеткізу мәмілелерін заңсыз деп таныды», — делінген ҚМА хабарламасында.

Қаржылық тергеу нәтижесінде, заңсыз алынған субсидияларға күдікті «TOYOTA LAND CRUISER PRADO 150» маркалы автокөлік сатып алғаны анықталды, ол мүмкін болатын тәркілеуден жасыру мақсатында сенімді адамға рәсімделген. Соттың санкциясымен аталған автокөлікке тыйым салынды. Күдіктіге қатысты сот 2 айға «қамауға алу» түрінде бұлтартпау шарасын тағайындады.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі