
Облыс орталығында 14 жастағы қыз тоғыз қабатты үйдің төбесінен секіріп көз жұмды. Бұл туралы stan.kz хабарлайды.
Қайғылы оқиға 16 сәуір күні кешке болған. 14 жастағы мектеп оқушысы Гагарин көшесіндегі бульвардағы тоғыз қабатты үйдің төбесінен секіріп кеткен. Әзірге нақты анықталмаған дерек бойынша сол уақытта қыздың қасында оның құрбысы да болған. Жасөспірімді танитын қыздар әлеуметтік желіде проблема жеке мәселесінен туындаған болуы мүмкін деп жазып жатыр.
ШҚО ішкі істер департаменті мектеп оқушысының өз-өзін өлтіргенін растағанымен, нақты мәлімет бермеді.
“ҚР қылмыстық кодексі “өзін-өзі өлтіруге итермелеу” бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталды,” – деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.
Қайтыс болған қыз 15 жасқа толарынан екі күн бұрын көз жұмды.