jasqazaq.kz

«СК Фармация» басшылығы қызметінен кетсін!

03 ақпан 2017, 17:55

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі дәрі-дәрмек саласына жауапты «СК Фармация» компаниясының жұмысын сынға алды. Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа компания басшылығын жұмыстан қуып шығуды тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz.

«СК Фармация» компаниясын алайық. Қазіргі таңда бизнесмендер келіп жатыр. Олар дәрі-дәрмек шығаратын фабрикалар салғысы келеді. Бірақ оларды бұл салаға жолатпай отыр. Олар жер телімдері мен тапсырыстарды ала алмай жүр. Себебі, шет мемлекеттермен келісімшарт жасасқан екен. Олар («СК Фармация» — ред.) отандық фармацевтика саласын дамытуға құлықсыз», — деді ол.

Президент Елжан Біртановқа бұл мәселені тезірек шешу қажеттігін жеткізді.

«Біз осыны жөнге келтіре аламыз ба? «СК Фармациясында» кім отыр? Барлығын қуып шық! Орнына жаңа адамдарды қой да, қаржының қайда кетіп жатқандығын анықта. Неге олар осылай жасап отыр? Жаңа адамдарды ал. Мұны айтқаныма бірнеше жыл болды. Бірақ нәтиже жоқ. Орнынан мүлдем қозғалмайтын белгісіз азаматтар отыр. Оларды кім қолдап отыр? Осы үшін Елжан Біртанов жауап береді», — деді Елбасы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде