jasqazaq.kz

Сиви Махмуди: Тұрмысқа шығамын деп шештім

24 сәуiр 2023, 10:13

Әнші әрі продюсер Сиви Махмуди он жыл бойы бір шаңырақ астында тұрған күйеуімен ажырасқан соң, онымен қазіргі ара-қатынасына тоқталды.
Отандық бағдарламаға қатысып жеке өмірі жайлы сыр шерткен Сиви, балалары үшін тұрмысқа қайта шығатынын да айтты.
Сивидің айтуынша, ол бұрынғы күйеуімен қазір мүлде араласпайды.
«Маған төрт-бес рет жазды. «Әлі сене алмай жүрмін, қайтадан кездесейік», — деді. Бірақ балаларды мүлде іздеген емес. Мен жауап бермедім. Ажырасқан соң оны көрмедім де… Балаларым да оны қатты іздемейді. Тек үлкен ұлым туған күнінде жылап қалды. «Папамның құттықтамағанына ішім ашиды», — деді. Енді ол да өсіп қалды ғой. Сыныбында бәрінің папалары бар дегендей… Содан кейін тұрмысқа шығамын деп шештім. Балаларыма әкесіндей болмаса да, әке қамқорлығын көрсететін адам болса деп тілеймін. Өйткені мен қарапайым ғана әйел бақытын көрмедім. Жолдасыммен, балаларыммен бірге саябақта қыдыру маған арман болып кетті. Себебі күйеуім көшенің адамы еді. Алимент алмаймын. Басында дауласып, аламын деген ой болған. Кейін бас тарттым. Жалпы өзім балаларымның әкесімен араласуына қарсы емеспін. Соңғы рет бір жарым жыл бұрын көрді ғой деймін. Енем де балаларды іздеген емес. Неге бұлай болғанын білмеймін», — деді әнші.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі