jasqazaq.kz

Сирияға кеткен адамның 7 жастағы қызы елге оралды (Видео)

14 сәуiр 2023, 13:03

Сирияға кеткен адамның 7 жастағы қызы елге қайтарылды. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ шетелдік серіктестерімен бірлесіп, азаматтарды террористік белсенділік аймақтарынан қайтару бойынша қарқынды жұмысты жалғастыруда.
2023 жылғы 11 наурызда Сириядан Қазақстанға бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызы қайтарылды. Оны қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан астам уақыт бойы жүргізілді.
Қазіргі уақытта бала Астана қаласының балаларды қолдау орталығында, психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Осы сәтте қыз бала медициналық тексеруден өтіп жатыр, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілуде.
Жақын кезеңде ол туыстарының қатарынан қамқоршыларға берілетін болады.
2019 жылдан бастап ҰҚК террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы Отанымызға қайтарғанын» мәлім етті ҰҚК баспасөз қызметі.

 

@jasqazaq.kzСирияға кеткен адамың 7 жастағы қызы елге оралды♬ оригинальный звук — JQ-Aqparat

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура