
Сирияның солтүстік-батысында АҚШ әуе күштерінің соққысы нәтижесінде «Әл Қаида» террористік ұйымы жетекшісінің орынбасары Ахмед Хасан Әбу әл Хайр әл Масри өлтірілді.
The Guardian мәліметі бойынша, әл Масри 26 ақпанда өлтірілген. Дүйсенбі күні Пентагон Сирияның осы ауданында әуе соққысын жасағанын растады, бірақ соққы мақсатын жасырып қалды.
Baq.kz хабарлағандай, «Джебхат Фатх аш-Шам, идеологиясы жағынан «Әл Қаидаға» жақын топ, әл Масридің өлгенін растады. Жекелеген жиһадшылар да бұл ақпаратты растады, – деп жазды басылым.
Қаңтар айында Пентагон әуе соққылары нәтижесінде «Әл Қаиданың» екі жетекшісі — Мохаммад Хабиб Буссадун әл Туниси мен Абд әл Джалиль әл Муслимидің көздері жойылғанын мәлімдеді.