jasqazaq.kz

СІМ Грузия еліне кірер кезде қиындықтың жиілеуіне алаңдап отыр

16 мамыр 2025, 9:50

Қазақстан азаматтарының Грузия еліне кірер кезде қиындықтың жиілеуіне сыртқы істер министрлігі алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап. 

Грузияның сыртқы істер министрлігі мұндай жағдайлардың саны азайып жатқанын айтып, қазақстандық туристерге жағдайды жақсартуға дайын екенін мәлімдеді.

Шекарадағы қиындық Тбилисиде өткен дипломаттардың кезекті кездесуінде талқыланған. Қазақстан азаматтары бұл елге визасыз кіре алады. Алайда соңғы уақытта отандастарымызға түрлі себеп айтылып, рұқсат берілмей жүр. Грузияның сыртқы істер министрлігі мамыр айының басынан мұндай жағдай азайғанын мәлімдеді. Мәселені реттеуге, қазақстандық туристерге бар жағдайды жасауға уәде еткен. Екі ел арасындағы келісімдерге ешқандай заңнамалық өзгеріс енгізілген жоқ дейді сенаторлар. Демек, азаматтарымызыдың бұл елге емін-еркі кіруге толық мүмкіндігі бар.

Ғалиасқар Сарыбаев, Сенат депутаты: — Дос елміз. Бізде ешқандай мәселе жоқ. Біз ешқандай заң актілерін, заң қабылдаған жоқпыз. Кейбір адам шыға алмайды. Себебі онда қарыздар және тағы басқа жағдайлар болуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселені жеке-жеке қарау керек. Менің ойымша, мұнда еш проблема жоқ.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі