jasqazaq.kz

Шыңға өрмелеуге шектеу жоқ

28 сәуiр 2023, 10:17

Бүгін «Шекарасыз шыңдар» деген атпен Астанада аутизмі бар балаларға арналған спорттық құзға шығу фестивалі өтеді.
Бүгін елордадағы «KeruenCity» СОО-да альпинизм және құзға шығу республикалық және қалалық федерацияларының қолдауымен аутизмі бар балаларға арналған Қазақстан тарихындағы алғашқы спорттық құзға шығу фестивалі өтеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен жыл сайын сәуір айы Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату айы болып табылады. Осы акцияны қолдау аясында «Vista» спорт клубы Қазақстан Республикасының Альпинизм және құзға шығу Федерациясы мен Астана қаласының спорттық альпинизм, мұзға өрмелеу, құзға шығу Федерациясы атынан «Qadam Special School» және «Autism Qadam» Қорының қолдауымен «Шекарасыз шыңдар» тақырыбында аутизмі бар балаларға арналған Қазақстандағы алғашқы спорттық құзға шығу фестивалін өткізеді. Бұл іс-шараға «Qadam Special School» тәрбиеленушілері қатысады, аутизмі бар балалар өздерінің спорттық дағдыларын көрсетеді, ал олардың ата-аналары «KeruenCity» СОО-да құзға шығу спорттық өнерінде бақтарын сынап көреді.
«Біздің Қор аутизмі бар балаларды қолдау үшін түрлі жобаларды, білім беру және спорттық жобаларды ұйымдастырумен айналысады», — дейді Autism Qadam қорының президенті Айсұлу Мәжен. – Осындай жобалардың бірі Qadam SpecialSchool-да жүзеге асырылады, оған спорттық және академиялық компоненттер кіреді. Өткен жылы Қазақстанда менің бастамам бойынша еліміздегі аутизмі бар балаларымызға арналған алғашқы спорттық құзға шығу секциясы іске қосылды және 28 сәуірде біз бірінші фестиваль өткіземіз, оның негізгі мақсаты аутизмі бар балалардың осы спорт түрімен өте табысты айналыса алатынын көрсету. Еліміздің басқа өңірлері біздің үлгіні іліп әкетеді деп сенеміз», — дейді ол.
Qadam Special School орталығының балалары бір жылдан астам уақыттан бері «Vista» спорт клубы мамандарының көмегімен спорттық құзға шығу негіздерін игеріп келе жатқанын атап өтеміз. Бұл секция Қазақстандағы аутизмі бар балаларға арналған спорттық құзға шығу тұңғыш және жалғыз секциясы болып табылады, қазір бұл елордалық орталықта 20-ға жуық бала айналысады, бір мезгілде «Autism Qadam» Қоры 14 жаттықтырушыны оқытты, олар қазір ерекше балалармен жұмыс істеу дағдыларына ие.
Соңғы онжылдықта аутистикалық спектрінің бұзылуы бар балалардың саны он есе өсті, бүгінгі күнге дейін әлемдегі әрбір 36 бала олардың қатарына кіреді. Аутисттік спектрінің бұзылуы дертін түзетудегі кешенді тәсілдердің ішінде ең тиімді шешімдердің бірі спортпен шұғылдану. Спорттық құзға шығу-бұл монотондылықтан аулақ бола отырып, барлық бұлшықет топтарына белсенді әсер ететін физикалық белсенділікті біріктіретін ерекше спорт түрі. Бұл жағдайда балалар ептілікті, төзімділікті, қозғалыстарды үйлестіруді және логикалық ойлауды дамытады.
Бұл спорт жарақаттану қаупі төмен және физиологиялық, яғни ағзаға ыңғайлы дене шынықтыру түрі. Бір жыл ішінде Qadam SpecialSchool тәрбиеленушілері жалпы әл-ауқаты мен денсаулық жағдайының айтарлықтай жақсарғанын атап өтті.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
Бүгін, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
Бүгін, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
Бүгін, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
Бүгін, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
Бүгін, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
Бүгін, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
Бүгін, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата