jasqazaq.kz

«Шын жүректен»: Шымкент ХҚКО-да акция өткізілді

30 сәуiр 2023, 11:16

Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкентте ХҚКО-ға келушілерге тәттілер мен кәдесыйлар таратылды. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы «Шын жүректен» акциясының бастамашысы болды.

–Аталмыш іс-шара еліміздің барша азаматтарының достығы мен бірлігін қолдау, сондай-ақ қызмет алушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ұйымдастырылды», — деді Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми өкілі Алтынай Татаева. «Бүгін мен ХҚКО-ға мемлекеттік қызметті алуға келдім. Орталық қызметкерлері менің көңіл-күйімді көтеріп, маған шоколад пен қази домбыра сыйлады. Бұл мейірімділіктін нышаны. Қызметкерлер клиенттерді күлімсіреп қарсы алып және алдыда келе жатқан мерекемен құттықтады. Өз кезегінде мен барлық қазақстандықтарды осы тамаша мерекемен құттықтап, ашық аспан, жақсылық пен бейбіт өмір тілеймін, — деп атап өтті Татьяна Корчагина.

–Қазақстан халықтарының бірлігі күні — ең жарқын мерекелердің бірі. Біздің филиалда көптеген ұлт өкілдері жұмыс істейтінін атап өткім келеді. Олардың ішінде қазақтар, орыстар, немістер, әзірбайжандар, түріктер, корейлер, шешендер, татарлар және өзбектер бар. Біздің қызметкерлер ұйымшыл, өз ісіне адал және әр клиентке мәселелерді шешуге көмектесуге әрқашан дайын», — деді Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының директоры Дәрімбет Баймбетов.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызметтерді мереке және демалыс күндері, «Мобильді ХҚКО» қосымшасы, egovkzbot2.0 телеграм-боты, Egovmobile мобильді қосымшасы, сондай-ақ, Kaspi және Halyk Homebank банктік қосымшалары арқылы онлайн алуға мүмкіндік бар.

Мерей Әлімбек

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура