jasqazaq.kz

Шымкенттің жылу жүйелері бір орталыққа шоғырланады

26 маусым 2023, 10:48

Шымкент қаласының әкімінің тапсырмасына сәйкес, қаладағы жылу желілерін орталық жүйеге тапсыруды ағымдағы жылдың 15- шілдесіне дейін аяқтау жүктелген. Шымкент қаласы аумағындағы 147 қазандықты салалық басқармаға өткізу жоспарланып отыр.

Қаладағы қазандықтарға бір мекеменің жауапты болуы ең алдымен жылу жүйелерін бір көзден қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл шешім барлық қазандықтарды жылыту маусымына дайындауды жолға қойып, жылу сапасын арттырады.

Қазіргі таңда қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына емдеу мекемелерінен –15, білім нысандарынан – 121, мәдени ошақтардан – 3, спорт мекемелерінен – 6 қазандықты өткізу үшін техникалық құжаттарды түгендеу жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр.

Басқарма басшылары қазандықтарды беру барысында туындап отырған өзекті мәселелерді шаһар басышысына баяндап, жылу желілерін ағымдағы жылдың 15- шілдесіне дейін аяқтауды жүктемесін алды. М.Әйтенов: «Жылу маусымына дайындыққа жаппай жауапкершілікпен қараңыздар. Қазандықтарды аталған басқармаға беруді тездетіп ұйымдастырыңыздар. Бұл ретте орталықтандырылған жылыту жүйесінің қуаттылығын ескеру де маңызды», — деген болатын. Сондай-ақ, мәдениет басқармасының басшысына техникалық құжаттарды рәсімдеуді жылдам ұйымдастыруды арнайы ескертті.

Айта кетейік, жоспарға сәйкес 8,7 шақырым жылу жүйелері ағымдағы жөндеуден өтіп, 9,3 шақырымға қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Жобалар аясында Гагарин, Абай, Громов көшелеріндегі магистралды жылу құбырларын және Гоголь, Адырбеков көшелеріндегі жылу желілерін жөндеуден өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ қазір «3-Энергоорталық», «ҚазТрансГаз Аймақ», «ОңтүстікЖарықТранзит», «Су ресурстары — Маркетинг» коммуналдық мекемелер тарапынан да тиісті модернизациялық жұмыстар басталды.

Қазіргі сәтте өткен жылыту маусымындағы кемшіліктерді ескере отырып, барлық жылу жүйелерінде, қазандықтарда, сорғы стансаларында, инженерлік жүйелерде жоспарланған жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтау үстінде. Сондай-ақ, аудан әкімдері көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін тазалау, ішкі жылу жүйелеріндегі тозығы жеткен тік бағаналарын ауыстыруды ұйымдастырып жатыр. Бұл жұмыстар алдағы жылу беру маусымында апатты жағдайларды болдырмау үшін атқарылып жатыр.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее