jasqazaq.kz

Шымкенттің жеңіл өнеркәсіп саласында тоқыма кластері дамып келеді

16 мамыр 2023, 10:39

Шымкент қаласында Мемлекет басшысының Жарлығымен өңірде мақта-тоқыма кластерін құрып, дамыту мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. Тоқыма компанияларына салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған. Қазіргі таңда мұнда жалпы құны 58 млрд теңгені құрайтын 35 жоба іске асырылуда. Кәсіпорындарда 2,5 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс істеуде. Оның ішінде 20 жоба тоқыма өнеркәсібінде жүзеге асырылды.

Тоқыма саласының көшбасшысы – кілем және кілем бұйымдарының өндірісімен айналысатын жергілікті «Бал текстиль» компаниясы. 10 жылдан бері нарықта келе жатқан компания 4 инвестициялық жобасын жүзеге асырып, онда 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Жылына 8,5 млн. Шаршы метр кілем бұйымдары мен 4 мың тонна синтетикалық иірімжіп шығаруға қауқарлы. Кәсіпорын тарапынан Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдеріне 5 млрд. теңгеден астам соммаға өнім экспортталған.

Тоқыма саласын дамытуға жол ашатын бүгінгі кездесуде жаңа бастамалар талқыланып, сала өкілдерінің тәжірибе алмасуына, іскерлік байланыстарды орнатуына мүмкіндік береді.

Бүгінде Шымкент қаласында 400-ден астам бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «OTANDYQ KILEM FORUMY» өтіп жатыр. Мегаполисте кілем өндірісінің дамуына ықпал етіп, өңіраралық ынтымақтастыққа жаңа серпін беру мақсатында ұйымдастырылған жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, саладағы жетістіктерге тоқталды.

–Жалпы, қаламызда жеңіл өнеркәсіп саласында 173 кәсіпорын жұмыс істесе, оның 45 пайызы тоқыма бұйымдарын өндіреді. Соңғы үш жылда тоқыма өнеркәсібінде өндіріс көлемі 10 пайызға ұлғайтылды. Тартылған инвестиция көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артты, – деді М.Дүйсенбекұлы.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі