jasqazaq.kz

Шымкенттің жасыл-желегі ұлғаяды

28 тамыз 2023, 18:33

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында ел аумағында алдағы 5 жылда орманды алқаптарда 2 миллиард, ал елдімекендерде 15 миллион көшет егуді тапсырғаны белгілі. Осыған орай Шымкентте қаланың экологиялық ахуалын жақсартатын бірқатар жоба қолға алынбақ. Негізгі бағыт көгалдандыру болады. Бұған қоса 8 негізгі саябақ пен 39 гүлзарды қайта құру қолға алынып, Қошқар ата өзенінің бойынша абаттандыру басталады.

Бүгінгі таңға дейін қаладағы көгалдандыру, абаттандыру және суару мәселесімен ауыл шаруашылығы басқармасы, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық органдары сияқты түрлі мекемелер айналысып келген. Енді бұл мәселелер бір ортадан шешіледі. Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасы – энергетика мәселесімен, ауыл шаруашылығы басқармасы – саланың жағдайымен айналысса, қаладағы арық-атыздар, каналдар мен суағарлар, дендросаябақ пен гүлзарлар, жасыл белдеулердің барлығы табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құзыретіне беріледі.

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан қаланың жасыл белдеу көлемін ұлғайту жоспарға енген. «Жасыл белдеу»КММ-сінің қызметкерлерімен қаланың шеткі аумағындағы 134 га жерге 111 622 түп ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда бұл аумаққа қарағаш көшеттері отырғызылып, 2 түрлі 5 трактор, УАЗ және ГазЕЛЬ техникалары, сонымен қатар жалпы саны 50 жұмысшы жұмылдырылды.Ал қаланың ішкі аумағына — Тұран мөлтек ауданы , Шымсити қалашығы мен Жаңа құрылыс көшелері бойына жоспардағы 100 000 ға жуық ағаш көшеттері отырғызылуда; Оның 14 000-ы емен, 25 000-ы ясень, 20 000-ы үйеңкі, 5 000-ы талшын, 25 000-ы катальпа ағаш көшеттері. Жоспарға сәйкес аталған ағаш түрлерінің қазіргі таңда 10 000 ға жуық данасы отырғызылды.

Талды егу – бір бөлек те, оны күтіп-ұстау – өз алдына бір бөлек жұмыс. Сондықтан, биылдан бастап қаланың гидрологиялық жүйесіне баса назар аударылмақ. Жазда қаладағы тал-дарақ арнайы көліктермен суарылады. Жауапты мамандар бұл уақыт жағынан да, қаржы жағынан да тиімсіз дейді. Кезінде осы суарудың қиындығынан «Шатқал» жобасы жүзеге аспай қалды. «Мирас» шағынауданы маңында орналасқан, аумағы 11 гектар «Шымсая» учаскесі Түркістан облысының «Жасыл аймақ» мекемесінен Шымкент қаласының «Жасыл белдеу» мекемесінің қарауына берілді. Онда 4 суару ұңғымасы мен бір трансформатор бар. Түрлі тұқымдағы 2000 тал өсіп тұр. Енді мұндағы аймақ абаттандырылады.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі