jasqazaq.kz

Шымкенттің су басу қауіпі бар аумақтары қатаң бақылауда

26 маусым 2023, 10:42

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Ауа-райының жауынды-шашынды, нөсерлі жаңбырлы мезгілдерінде аудан аумағында су басу қауіпі бар 57 мекен-жай анықталған болатын. Оның ішінде 2022 жылы 21 көшеге жалпы ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын ирригациялық арықтар орнатылды.

2023 жылға 13 көшеге 6,3 шақырым ирригациялық арықтар салуға 232,1 миллион теңге қаржы қаралып, қазір арықтарды орнату жұмыстары басталды. Қалған 23 көшеге ирригациялық арықтар орнату 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

Қазір аудандардағы су жиналатын орындар қатаң бақылауға алынған. Жауын-шашын кезінде мобильді топтар жұмылдырылып, арнайы техникалармен су тартылып отырады. Жалпы Шымкент қаласында көктемгі жауын-шашынның салдарынан су шаю қаупін алдын алу мақсатында қалада ирригациялық жүйелерді тазарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп тұрады. Атап айтсақ, Сайрам тұрғын алабында орналасқан Ұлық, Ұлық-2, Қызылсу, Құралас, Ханка су арналарын қолмен тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде осы су арналарынан күніне 45 куб, 10 күнде 450 куб тұрмыстық қалдықтар мен күл қоқыстар шығарылды.

Айта кетейік, Шымкент қаласы аумағында жалпы саны 34 су арнасы 2 өзен бар. Соның ішінде қазір 3 су арнасының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталуға жақын. Арнайы өлшем жүргізіліп, жерді құрылыс жұмыстарына дайындап, бетондалған арық жүйесі орнатылуда. Қазіргі таңда «Көк», «Сай ниже водопада» және «Чумчак» су арналарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстардың 90 пайызы орындалып, жыл соңына дейін толықтай аяқталмақ. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Чумчак, Сай ниже водопада және Шапырашты су арналарына жауапты мердігер мекемеден 27 техника 50-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды. Аталған су арналарының жөндеу жұмыстары аяқталған соң шаруаларға су беру маусымын бастау жоспарланып отыр. Мердігер мекеме басшылары жуырда орындалатынын жеткізді.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
Бүгін, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания