jasqazaq.kz

Шымкенттің шаруалары көкөніс өсірудің тиімді жолын талқылады

29 тамыз 2023, 15:34

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы мамандары мен шаруа қожалық төрағалары бас қосты. Бас қосуда инновациялық жаңалықтарды өндіріске енгізу барысы талқыланды. Ол жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновте қатысты.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кәсіпкерлік саланы барынша дамытуға басымдық беріп отыр. Яғни, шетелдік және отандық инвесторлардың көмегімен бизнес саласын көтеру бүгінгі күні алдымызда тұрған үлкен міндеттің бірі. Шынын айту керек, қазір инвестициялардың экономиканы тұрақты дамытуда маңызы орынға ие екені белгілі. Мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде қаламызда инвестклимат жақсарып, калыптасып келеді, — дей келіп, Мұрат Дүйсенбекұлы шаруа қожалықтардың жұмысымен танысты.

Бұдан кейін қала әкімі ауыл шаруашылығы және шаруа қожалық жетекшілерімен бірлесе отырып, осы саладағы мәселелерді талқылады. Мәселен, бау-бақша дақылдарымен бірге салат көкөністерін егу адам азғасы үшін пайдалы, әрі нарықта жиі сұранысқа ие. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстігінде отандық және шетелдік селекция бойынша салат көкөністерінің ең озық сұрыптарын конвейерлік технологиямен қалай өсіруге болатыны айтылды.
Салат көкөнісінің сорттары, соның ішінде райхангүл, салат жапырағы, брокколи қырыққабаты, ақжелкен, руккола, аскөк, жасыл пиязды ашық далада өсіру ауыл шаруашылығының көкөніс кластерін әртараптандыруға ықпал етеді. Нәтижесінде халық сапалы өніммен үздіксіз қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, жасыл көкөністерді өсірудің конвейерлік технологиясы жыл бойы салат көкөністерін алуға мүмкіндік береді

Агроөнеркәсіп кешенінің жұмысшылар мен мамандары, шаруа қожалығының диқандары семинар-жиын барысында тәжірибе үшін ризашылығын білдіріп, Шымкент өңірінде ауыл шаруашылық саласын дамытуға өз үлестерін қосуға мумкіндік туғанын айтты.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры