jasqazaq.kz

Шымкенттің шағынаудандарына таза ауыз су жүйесі тартылуда

28 тамыз 2023, 18:57

Шымкент қаласында бірнеше шағын ауданға таза ауыз су жүйесі тартылуда. Соның бірі – Құрсай елді мекені. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Құрсай елдімекенде жүргізіліп жатқан магистралды суаққы және ауыз су жүйесінің құрылысымен арнайы танысқан болатын.

Абай ауданына қарасты Құрсай елдімекенінің тұрғындары таза ауыз суды кестемен тұтынып отырған шағын ауданның бірі. Сондықтан шағын аудандағы 4900 абонентті құрайтын 25 мыңға жуық халықты сапалы таза ауыз сумен қамту мақсатында 2020-2021 жылдар аралығында 2 кезеңдік жоба түзілген. Ондағы мақсат Құрсайға тартылатын магистралды суаққы және ішкі орамдық ауыз су жүйелерінің құрылысы.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында халықты таза ауыз сумен қамту мәселесін 2025 жылға дейін шешуді тапсырды. Бұл бағытта шаһарда қолға алынған жұмыс өз нәтижесін беруде. Жоғарыда айтылған екі нысанның да жобалау-сметалық құжаты әзірленіп, бастапқы сатысы мердігер мекеме «Риголит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан 2021 жылы басталған. Бірінші кезең бойынша су жүйелерінің ұзындығы 185 шақырым. Қазіргі уақытта бірінші кезеңнің жұмысы 98 пайызға орындалған. Ал екінші кезең бойынша су жүйелерінің ұзындығы 151 шақырым, орындалған жұмыс көлемі 97 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта Құрсай шағын ауданында жеткізуші магистралды суаққының және ішкі орамдық ауыз су жүйелерінің құрылысы қарқынды түрде жүруде, — дейді қала әкімі.

Жалпы елдімекендегі құрылыс жұмыстарын қыркүйек айына аяқтау жоспарланған. Алдағы айда Құрсай шағын ауданы толыққанды сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы мердігерге ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарының құрылысын уақытылы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар мұндай құрылыс жұмысы қаладағы Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ елдімекенінде де жүргізілуде. Мұнда 60 мыңнан аса халық тұрады. Қазіргі таңда онда бірнеше инфрақұрылым жүйесі қатар тартылуда. Мұндағы тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 329 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізілуде. Мердігер мекеме тарапынан бүгінгі күнге дейін 310 шақырым құбыр тартылып жұмыстың 80 пайызы орындалған. Нысанда қазіргі таңда қазба жұмыстары жүруде. Жалпы жоба бойынша нысан құрылысын 2023 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланған. Қала әкімі мердігер мекемелерге жұмысты сапалы, әрі жылдам орындауды тапсырып отыр екен.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі