jasqazaq.kz

Шымкенттің Өзбекстанмен экономикалық байланысы күшейді

21 маусым 2023, 22:05

Биыл мамыр айында Қазақстан мен Өзбекстанның жеңіл өнеркәсіп кешенін бірлесе отырып дамыту мақсатында үкіметаралық келісімдер жасалған болатын. Осыған орай бүгін Шымкент қаласындағы «RAMADA» қонақ үйінде Өзбекстан Республикасынан келген арнайы делегация өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге қала әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек қатысып, көрші елден келген инвесторлар мен бизнес өкілдеріне өзара ынтымақтастықтың тиімді тұстары жайлы айтты.

Сонымен қатар кездесуге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалды даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков те қатысты.

Кездесу барысында Шымкент әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Сариев қаламыздың инвестициялық әлеуеті, инвесторларға көрсетілетін қолдау мен ұсынылатын жеңілдіктер туралы әңгімеледі.

–Шымкент – Қазақстандағы үшінші мегаполис және қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің астанасы. 2022 жылдың қорытындысы бойынша қаланың сыртқы сауда айналымы 2,6 миллиард АҚШ долларын құрады. Оның ішінде 846 миллион доллары экспорттың үлесінде болса, қаламызға 1 миллиард 739 миллион доллардың тауары импортталған. Жалпы, екі елдің Мемлекет басшылары өзара сауда айналымының көлемін 2025 жылға қарай 10 миллиард АҚШ долларына дейін жеткізу міндетін қойып отыр. 2022 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 3 миллиард 500 миллион долларды құрады. Соның ішінде Өзбекстан мен Шымкент қаласының арасындағы өзара сауда айналымы 370 миллион долларды құрады, – деді Ерболат Құлтасұлы.

Е.Сариев өзбекстандық делегация мүшелеріне Шымкентте 3 индустриалды аймақ жұмыс істеп тұрғанын, тағы да жаңадан осындай 3 аймақ ашу бойынша жұмыс жүріп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, «Жұлдыз», «Бозарық» және «Стандарт» индустриалды аймақтарында жыл соңына дейін инфрақұрылым жүргізу жұмыстары толық аяқталып, онда бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады.

Айта кетейік, өзбекстандық делегация өкілдері бүгін Шымкент қаласының инвестициялық әлеуетімен жан-жақты танысып шығады. Нәтижесінде бірлескен инвестициялық жобаларыды жүзеге асыру бойынша нақты келісімдер жасалады деп күтілуде.

Мерей Әлімбек

23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции