jasqazaq.kz

Шымкенттің микроклиматын жақсарту төрт кезеңмен жүзеге асады

16 маусым 2023, 16:10

Қала сыртындағы шаруаларға су жеткілікті болуы үшін су ағатын каналдарды жөндеу, жаңарту бойынша құрылыс қарқынды жүруде. Ал қала ішіндегі микроклиматты жақсарту жұмыстары төрт кезеңге бөлініп атқарылмақ. Бұл туралы қалалық жайлы орта қалыптастыру басқармасының басшысы Ержан Жақсылықұлы мәлімдеді.

–Биылдан бастап каналдардың құрылысын қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Өздеріңізге белгілі, Шымкентте 300 шақырымнан астам 34 канал бар. Оның құрылысын бір жылда аяқтау мүмкін емес. Сондықтан біз 5 жылдық жоспар бекітіп отырмыз. 2023-2028 жылдар аралығында кезең-кезеңімен каналдар бетондалып, құрылысы аяқталатын болады. Бүгінгі таңда екі канал пайдалануға беріліп, су беру көлемі 2,5 текше метрге ұлғайған. Жыл соңына дейін 34 каналдың 6-ның құрылысы бітсе, 7-еуі күрделі жөндеуден өтеді. Жалпы каналдардың бетондалуының нәтижесінде бұрынғыдай судың сіңіп кетуінен, төмен ағыспен келуінен арылып отырмыз. Ал қала ішіндегі микроклиматты жақсарту жұмысы төрт кезеңге бөлініп атқарылатын болады. Қалаға келетін БМК және Жаңа шек каналдарының бетондалған беті арқылы бірінші кезеңде Тәуке хан және Қазыбек би көшелерінің бойымен су жүргізіп көрмекпіз. Бұл жоспар жүзеге асатын болса, қаланың микробелдеуі 60-55 пайызға артады,–деді Е.Жақсылықұлы.

Сондай-ақ басқарма басшысы тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, қаладағы көпжылдық ағаштарды күтіп ұстау, көгалдандыру мәселелері жайында да жоспарларымен бөлісті. Биыл қыстың қатты болуына байланысты қаладағы біршама ағаштарға зиян келген. Атап айтсақ этносаябақтағы 5000-нан аса эльдар қарағайының 700-ін кесуге тура келген. Қалғандарын емдеу арқылы қалпына келтірмек. Ағаштардың қурауына климаттық өзгеріс себеп болған.

Айта кетейік, қоқыстарды зиянсыз қайта өңдеуге инвестор тарту мәселесіне де Шымкент қаласы басымдық беріп отыр. Бүгінде бұл салаға Қытай, Германия, Испания мемлекеттерінің инвесторлары қызығушылық танытқан. Қалдықтарды жерге көмбей, жағу арқылы электр энергиясын алу эколог мамандарының да назарын аударып отыр. Демек алдағы уақытта тұрмыстық қалдықтар да зиянсыз өңделетін болады.

Мерей Әлімбек

23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции