jasqazaq.kz

Шымкенттің инвестициялық әлеуеті жоғары

05 маусым 2023, 11:16

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің барлық саласына инвестор тартуға ерекше көңіл бөлді. Ел Үкіметіне саланы одан әрі дамыту бойынша нақты тапсырмалар берілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы Шымкент қаласында да нәтижелі жүзеге асып келеді. Мәселен, инвестициялық жоба негізінде іс бастаған «QAZALPACK» зауытының өнімдері бүгінде ішкі нарықты жаулады.

Орталық Азияда бірінші болып алюминий банка шығаратын бірегей жобаны жүзеге асырушы компания Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриялық аймағы аумағында орналасқан. Зауыт нарықта көп сұранысқа ие, қақпағы бар алюминий банка шығарады. Қазіргі уақытта инвестициялық жоба толығымен жүзеге асырылып, қалыпты жұмыс істеуде. Зауыттың максималды өндірістік қуаттылығы жылына 500 миллион құты. Кәсіпорын АҚШ-та жасалған жоғары технологиялық қондырғылармен жабдықталған. Жоба құны 23,4 миллиард теңгені құрап, 157 жаңа жұмыс орны ашылды.

Қызметкерлердің барлығы арнайы оқу және тәжірибеден өткізілді. Жоба аясында шырындарды, газдалған және газдалмаған алкогольсіз сусындарды бөтелкеге құю үшін әр түрлі көлемдегі қақпағы оңай ашылатын терең тартылған алюминий банкалар саудаға шығады. Жоба қазақстандық алюминий контейнерлер нарығының 80%-на дейін қамтитын өндірісті дамытуды көздейді. Алюминий банкалардың жартысынан көбі қайта өңделеді және оларды тұрмыста қайта пайдалануға болады.

«KazAlPack» ЖШС жобасы «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылды. «Оңтүстік» индустриялық аймағында орналасқан бірегей жобаның ауданы 20 000 шаршы метр компания өз өнімдерімен Қазақстан нарығының үштен бір бөлігін қамтып қана қоймай, республикадан тыс жерлерге де экспорттай алады. Айта кетейік, Шымкент қаласында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылып жатқан индустриялық аймақтың 2023 жылы инженерлік-инфрақұрылымдық желілерін салуды аяқтау жоспарлануда.

Бүгінгі таңда онда орналастырылатын құны 18 миллиард теңгені құрайтын 27 инвестициялық жобалар әзірленді. Олардың бірі құны 1,1 миллиард теңгені құрайтын консервіленген және өзге де өнімдерді, жартылай фабрикаттарды өндіру және орау үшін көкөністерді, ет өнімдерін, жемістер мен жидектерді өңдеу зауыты.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
Бүгін, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции