jasqazaq.kz

Шымкенттің бас дәрігері Бозарық тұрғындарының пікірін тыңдады

17 мамыр 2023, 15:37

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше назар аударған. Президент 2023 жылдан бастап денсаулық саласында ұлттық жобаны іске асыруды бастау туралы шешім қабылданғанын атап өтті. Шымкент қаласы аумағында мемлекет басшысының тапсырмасынай сай тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету ісі жанданған.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек Бозарық шағынауданының тұрғындарымен кездесті. Қаланың бас дәрігері кездесуде жергілікті халықтың пікірін тыңдап, медицина саласындағы мәселелерін талқылады.

Тұрғындар басқарма басшысына бейінді дәрігерлерге қаралу, дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету және диагностикалық тексерілу сынды проблемаларын айтты. Сондай-ақ, басқарма басшысы Бозарықтағы дәрігерлік амбулаторияны аралап шықты. Аралау барысында Нұрлыбек Абибуллаұлы «Атамекен» медицина орталығына Бозарықтағы амбулаторияны бейінді дәрігерлермен қамтамасыз етуді және халықты тегін медициналық қызметпен қамтамасыз ету үшін ақпараттандыру жұмыстары бойынша жауаптыларға ескерту берді.

Кездесу барысында басқарма басшысы аталмыш орталық мамандарына медициналық көмек көрсетуде жауапкершілігін арттырып, сапасыздықты алдын алу бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Кездесу соңында тұрғындарға қаланың бас дәрігері шағынауданда тағы медициналық ғимарат ашу және күндізгі стационардағы қызметті жандандыру қажеттілігін айтып өтті.

Айта кетейік, жалпы Шымкент қаласы бойынша стационарлық көмек көрсететін 15 медициналық ұйым бар. Ал, жалпы төсек-орын саны 3407 құрайды. Сонымен қатар, қалада көп бейінді 4 стационар бар. Оның ішінде қалалық клиникалық ауруханасында 490 төсек орын, №2 қалалық ауруханасында 390 төсек орын, №3 қалалық ауруханасында 210 төсек орын, қалалық балалар клиникалық ауруханасында 315 төсек орын бар. Сондай-ақ қалада 5 монопрофильді стационар да жұмыс істейді. Шымкент жүрек орталығында 134 төсек орын, қалалық онкологиялық орталықта 231 төсек орын, Т.О.Орынбаев атындағы гипербарикалық оксигенация орталығында 125 төсек орын, психикалық денсаулық орталығында 435 төсек орын, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы 360 төсек орынмен жабдықталған.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
Бүгін, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
Бүгін, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
Бүгін, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 15:04
Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді
13 мамыр, 12:58
Туркестан: Борьба с саранчой продолжается
12 мамыр, 15:00
Аким Туркестанской области встретился с президентом компании "Magister Art" Ренато Сапорито
12 мамыр, 14:38
Туркестан: Ведется масштабная работа по улучшению дорожной инфраструктуры
12 мамыр, 14:30
Туркестан: Социальные объекты - на благо населения