jasqazaq.kz

Шымкенттің агроөнеркәсібі ілгеріледі

14 маусым 2023, 12:43

Шымкент қаласында ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты артып келеді. Жыл сайын шаһар маңында ауыл шаруашылық жерлері қысқарғанымен, өнімділік азайған жоқ. Жылш сайын өзен мен каналдарға жасалған күрделі жөндеудің арқасында бос жерлер игеріліп, бақша өнімдерінің өсімі байқалады. Оған қоса, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында мемлекетік қолдаулар да қаралған.

Үшінші мегаполис елімізде ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттайтын ірі орталыққа айналды. Ауылшаруашылығы саласы ең алдымен – ұлттық экономиканың негізгі құрамдас бөлігі. Бұл сала соңғы жылдары шырайлы қалада қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өткен жөн. Әсіресе, 2022 жылы мал өсіру бойынша жақсы өсім байқалып, 8,9 мың тонна ет, 51,4 мың тонна сүт және 142,0 млн дана жұмыртқа өндіріліпті. Шымкент қаласының даму бағдарламасы негізінде өткен жылы бірқатар индикаторлар бекітіліп, жыл бойы осы бағыттарда жұмыс жанданды. Нәтижесінде көрсеткіштер толық орындалғанын цифрлармен келтірсек. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 46 млрд теңгеге жетіпті. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 1 млрд теңгеге артып отыр. Ауыл шаруашылығы мен тамақ өнімдерінің негізгі капиталына 15,3 млрд теңге инвестиция тартылып, көзделген меже 11,6 млрд теңгеден асып, жоспар 3,7 млрд теңге артығымен орындалып отыр. Өнімдердің экспортында да ауыз толтырып айтарлықтай жетістік бар. Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнімнің көлемі 148,3 млн долларды құраған. Көрсеткіш 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,5 млн долларға артқан.

Шаһарда өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемін арттырып, импортқа тәуелділікті төмендету үшін құны 15 млрд теңгеге 14 жоба іске асырылып, 298 жұмыс орны ашылған. Оның ішінде 4 құс фермасы, 3 сүтті бағытта мал шаруа қожалығы, 1 балық шаруашылығы, 1 мал бордақылау бекеті, 2 сүтті қайта өңдеу кәсіпорын мен мал азығын дайындайтын кәсіпорын және 2 жылыжай кешені салынған.

Ал экспорттық тауарлардың ішінде ұн және одан жасалған өнімдердің үлес салмағы басымдық беруде. Қалада орналасқан бір ғана макарон фабрикасының өзі тәулігіне 100 тоннадан астам өнім шығарып отыр. Отандық тауар Ресей, Грузия, сондай-ақ, Қырғызстан мен Өзбекстанға жіберіледі.

Шымкент шаһарында биыл «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағының құрылысы басталды. Мұнда шет ел инвесторларымен бірлесіп сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, консервілейтін жобаларды жүзеге асыру ойластырылып жатыр. Сондай-ақ биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісі іске қосылатын болады.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее