jasqazaq.kz

«Шымкенттіктерді ұятқа қалдырдың»: Министр кеңесшісі Астана вокзалынан видео жариялады

22 наурыз 2017, 11:58

Инвестиция және даму министрінің кеңесшісі Тәңірберген Бердоңғаров өзінің Facebook парақшасында Астана теміржол вокзалында қозғалысты тоқтатып тастаған көлік жүргізушісінің видеосын жария етті.

Жүргізуші вокзалға баратын жалғыз жолды жауып, кетіп қалған.

«Ер адам көлігін еш себепсіз тастап, біреуді қарсы алу үшін кеткен. Артында шамамен 20 көлік тұр. Мынау таза эгоизм», — дейді видео авторы.

Кейіннен жүргізуші Facebook-те Бердоңғаровтың парақшасын тауып, «шымкенттіктерді ұятқа қалдыратын» видеоны өшіруін талап еткен.

«Жекеме жазып, видеоны өшіруімді талап етеді. Өз кезегімде мен жол қозғалысы ережесін бұзбауды ескертіп, жол қозғалысындағылардан кешірім сұрауды өтіндім. Бірақ, ол бұл ұсынысымнан түбегейлі бас тартты», — деген кеңесші тәрбие көрмеген адамдар әр аймақта бар екенін еске салды.

«Тіркелушілеріме айтарым, түрлі нәрсе жазудың қажеті жоқ. Иә, жүргізуші Шымкенттен, бірақ тәрбие көрмеген адамдар әр аймақта бар. Біздің қоғамдық міндетіміз өз қоғамымызды құрып, жастардың әрекетіне бей-жай қарамау. Бұл біздің Отан және біз осында тұрамыз!», — деп жазды Бердоңғаров.

nur.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде