jasqazaq.kz

Шымкенттіктер қайтарымсыз грант арқылы кәсіпті нәсіпке айналдырған

26 сәуiр 2023, 16:33

Елімізде «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында мемлекеттен берілетін қайтарымсыз 5 млн-ға дейінгі грант талай кәсіпкердің кәсібін дөңгелетуге себеп болып отыр. Ұлттық жоба шеңберінде жаңа инновациялық жобаларды іске асыруға арналған грантты ұтып алған шымкенттік кәсіпкерлер көп.

Мемлекеттік грант алып, кәсібін бастаған азаматтың бірі – Әлібай Жұмабаев. Ол басшылық жасайтын «Business Plas» ЖШС пенопласт шығарады. Былтыр грант аясында ұтып алған 5 млн. теңгеге цех басшысы полестерол түйіршігін қайнататын қазандық алған. Бұл күнде серіктестік қала тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Мемлекет қолдауымен өндірісін ұлғайтқан кәсіпорын жылына 10 мың текше метр полистирол шығарып, ішкі нарыққа сатуда.

– Мемлекеттен алған қаржы ісімізді алға жылжытты. Осы кәсіптің арқасында 5 адамды жұмыспен қамтыдық. Жұмыстың бәрі автоматтандырылған. Жұмысшыларды арнайы оқытып, дайындадық. Қазір қалада 4-5 пенопласт шығаратын осындай кішігірім цех бар. Ол қаланың сұранысын толық қамти алмайды. Болашақта цехты кеңейтіп, өнімнің саны мен сапасын арттырсақ деген жоспарымыз бар, – дейді Әлібай Жұмабаев.

Өнім көлемін арттырғысы келетін кәсіпкерлер бизнесті кеңейту үшін жердің тарлығын, жалға алудың қымбаттығын айтады. Жуырда цехтың жұмысымен танысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауға дайын екенін жеткізіп, жауаптыларға цех ашу үшін «Жұлдыз» индустриалды аймағынан жер телімін бөлуді тапсырды.

Былтыр 5 млн теңге грант ұтқандардың бірі – «AGRO TOP» компаниясы. Бұл жерде өсімдіктерді биоқорғау өнімдерін шығарады. Яғни, зиянкестерді жоятын жәндіктер өсіреді. Жеті жылдан бері тыңайтқыштар мен шаруашылыққа қажетті заттарды шет елден алдыртып, сатумен айналысып келген компания былтыр осы энтомофаг шығару жобасымен грант ұтқан болатын. Бүгінде компания Қазақстан бойынша жылыжайлар мен егістіктерді зиянкестерді жоятын жәндіктермен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар өнімдерін Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне экспортқа да шығарады.

Айта кетейік, мегаполисте 2019 жылдан бері жаңа бизнес-идеясын қорғаған 170 адам қайтарымсыз қаржыға ие болған. Жалпы кәсібін бастап, бизнесін дамытамын деушілерге 4 жылда 700 млн теңге бөлінген. Жобаға қатысу үшін инновациялық бизнес болу керек. Десек те әлеуметтік осал топқа жататын азаматтардан инновация талап етілмейді. Сонымен қатар жоба қараларда осал топтарға басымдық беріледі.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі