jasqazaq.kz

Шымкенттік жастар жеңілдетілген несие алып, өз кәсіптерін ашуда

31 тамыз 2023, 10:19

Шымкент қаласында кәсіп бастауға ниетті жастарға 2,5 пайыздық жеңілдікпен несие берілуде. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, жалпы, Шымкент қаласында биыл 261 адамға жастарға арналған шағын несие беру жоспарланған.

Бүгінгі таңға комиссияда 278 құжат қаралып, 129 азамат оң қорытындысын алып үлгерген. Оның ішінде 52-не несие беріліп, басым көпшілігі өз кәсіптерін бастап кеткен. Жастарға арналған жеңілдетілген несие 21 мен 35 жас аралығындағы азаматтарға арналған.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгінде өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға ниетті жастарға көп қолдаулар көрсетілуде. Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені , мал шаруашылығы жобалары үшін – 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін – 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады. Мемлекеттік қолдау жас кәсіпкерлердің кәсібін дөңгелетуіне зор мүмкіндік. Өтінімді «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Шымкент қаласындағы филиалына тапсыру қажет, — дейді қала әкімі.

Сол несиеге қолы жетіп кәсібін ашқан азаматтың бірі – шымкент қаласының тұрғыны Жасұлан Нұршымыр. Оның жасы 29 да. Ол жиһаз жинаумен айналысады. Жастайынан осы кәсіпке араласып, жиһаз дайындайтын цехтарда жұмыс істеп келген. Жас кәсіпкер осыдан екі жыл бұрын жеке шеберханасын ашыпты. Тынымсыз еңбек нәтижесін беруде. Жас кәсіпкер осы жылдың мамыр айында 5 миллион теңге көлемінде жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алған. Қаражатқа шеберхана жұмысын өндіретін, қосымша үстелдерге ою-өрнек жасайтын құрал-жабдық сатып алған.

— Бұған дейін ою-өрнекті басқа цехтарға тапсырыс беру арқылы ақысын төлеп жасатып жүрген едім. Енді барлығын өзіміз жасайтын болдым. Шеберханама қосымша 5 адамды жұмысқа қабылдадым. Оларға орташа есеппен айына 200 мың теңге көлемінде жалақы беріп отырмын. Жұмыс істеймін дейтін адамға барлық мүмкіндіктер бар. Бастысы алға қойған мақсатыңа қарай ұмтылып, аянбай тер төгіп жұмыс істеу қажет, — дейді Жасұлан Нұршымыр.

Жас кәсіпкер жиһаздарын әлеуметтік парақшаларында жарнамалап, көтерме бағамен өткеруде. Тауарларды көбінесе дүкендер желісі сатып алады. Қазіргі таңда оған тапсырыстар Шымкент қаласынан бөлек Алматы, Қызылорда және Орал қалаларынан көптеп түсуде екен.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры