jasqazaq.kz

Шымкенттік жастар терме тыңдады

31 наурыз 2023, 14:11

Шымкенттің «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Текті сөздің төресі – термеде» атты қала жастарымен шығармашылық кездесу өтті. Ұйымдастырушылар кездесудің мақсаты ұлттық өнерімізді кейінгі буынға боямасыз жеткізіп, оны жастар арасында кеңінен дәріптеуге бағытталады, — дейді.

Терме — қазақ халық поэзиясында қалыптасқан лирикалық өлең түрі. Ғибраттылық мәні бар моральдық идеялар тұрғысынан әр нәрсені теріп айтып, бірінен екіншісіне еркін ауысып отыру термеге тән қасиет. Ол нақыл сөз үлгісінде құрылып, әдетте өнегелі сөздердің тізбегіндей болып келеді.

Кеште ҚР Мәдениет үздігі, республикалық конкурстың лауреаты, Шымкент саз колледжі ән салу бөлімінің меңгерушісі, дәстүрлі әнші, термеші – Жақып Спатаев, Б.Өтеп атындағы мамандандырылған «Өнер» мектеп-интернатының ұстазы, термеші – Құнанбай Байтенов, Саз колледжінің дәстүрлі ән бөлімінің ұстазы, әнші, термеші – Ербол Қалмырзаев өнерсүйер қауыммен кездесіп, өнер жолындағы жетістіктері және бастан кешкен қызықты оқиғаларымен бөлісті.

–Қазақтың ұлттық өнері жастар тұрғанда ешқашан өшпейді. Біздің міндетіміз – ұлттық өнерді ұлықтап, шәкірттерімізді ән-терме бағытында тәрбиелеу. Соңғы уақыттары заманның ағымына қарай термелер эстрадалық бағытта айтылып жүр. Терменің әрбір сөзінде қаншама тәрбие жатыр. Жыршылық-тер¬мешілік өнер жаңаша серпінде айтылып, насихатталса өнерге қызығушылар саны артатаны анық,– дейді ҚР Мәдениет саласының үздігі, Саз колледжінің директор орынбасары Әлімжан Серікқазы.

Жиында Шымкент саз колледжі ән салу бөлім меңгерушісі, дәстүрлі әнші, термеші — Жақып Спатаев, Б.Өтеп атындағы мамандандырылған «Өнер» мектеп-интернатының ұстазы, термеші — Құнанбай Байтенов, Саз колледжінің дәстүрлі ән бөлімінің ұстазы, әнші, термеші — Ербол Қалмырзаев студенттердің сұрағына жауап беріп, терме орындады.

Рухани кеште жыр саңылақтары орындаған термелерді жастар ұйып тыңдады. Ұлттық өнерді ұлықтаған мұндай кештердің ұрпаққа берері көп екені айдан анық.

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары терме тыңдап, рухани байыды. Ал мамандар жастардың терме тыңдауға қызығушылығын ояту үшін заманға сай әрлеу керек дейді. Қазақтың ұлттық музыкасы – ұлттың інжу-маржаны. Жыр-терменің пішіні мен мазмұны толғауға біршама жақын. Толғауда қоғамдық-әлеуметтік сарындар басым болса, ал термеде көбіне күнделікті өмірге, рухани, мәдени тірлікке қатысты жағдайлар көп мәнге ие болады.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты