jasqazaq.kz

Шымкенттік шаруалар су тапшылығын көрмейді

21 маусым 2023, 21:50

Шымкенттік шаруалар егіс науқанын тиімді пайдаланып, жылдық өнімін айыруға бар күшін салуда. Ауыл шаруашылы және ветеринария басқармасы да мемлекеттің көмеген дер кезінде жеткізуге тырысуда.

Мемлекеттің жәрдемін тиімді пайдаланып шаруасын шалқытып отырған кәсіпорынның бірі Зертас ШҚ. Қожалық етті сүтті бағыттағы ойсыл қара тұқымын өсірумен айналысады. Осыдан екі жыл бұрын шетелден асыл тұқымды 128 бас сиыр алдырған. Бұл күнде сауын сиырдың санын 200 ден асырған. Қожалықтың арнайы алқабы болмағандықтан айналасындағы жер телімдерін жалға алып мал азығына жүгері өсіруде. 100 гектар жерге жүгерінің Испаниялық Фито сортын еккен.

Мегаполисте ауыл шаруашылығы мақсатындағы 27 мың гектар жер бар. Осы алқаптан 87 мың тонна өнім алу жоспарланған. Суармалы жерге дәнді дақылдар, көкөніс және мал азығы өсіріліп жатыр. Ең бастысы шаруалар ағын су тапшылығын сезіп отырған жоқ.

Шымкенттік шаруаларға мемлекеттен бөлінетін жәрдем дер кезінде жеткізіліп отыр. Көктемгі науқанға 1000 тонна жанар жағар май бөлінген. Оның 360 тоннасы осы уақытқа дейін игерілген. Бидай орымына да дизел дайын –дейді басқармадағылар. Сонымен қатар тыңайтқыш құнының 50 пайызы субсидияланады. Жеңілдетілген бағамен 180 тонна селитра алынған. Осы жеңілдіктерге Шымкентке мемлекеттен 122 млн теңге бөлінген.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отырғанына тоқтала келіп: «Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайы одан әрі ушықтырып отыр. Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр. Бұл салада басқа да түйткілдер аз емес» деген болатын. Тиісті министрліктерге бұл саланы жетілдіру үшін үш жылдық жоба әзірленуді тапсырды. Ал біздің қалада бұл жұмыстың басталғанына бір-екі жылдың жүзі болды. Шымкент қаласында 34 канал бар, оның жалпы ұзындығы 300 шақырымды құрайды. Бұл каналдардың құрылыс жұмыстарын бір жылда аяқтау мүмкін емес. Сондықтан біз 5 жылдық жоспар бекітіп отырмыз. 2023-2028 жылдар аралығында кезең-кезеңімен каналдар бетондалып, құрылысы аяқталатын болады. Бүгінгі таңда екі канал пайдалануға беріліп, су беру көлемі 2,5 текше метрге ұлғайды.

Мерей Әлімбек

23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции