jasqazaq.kz

Шымкенттік шаруалар көкөніс өсірудің жаңа тәсілімен танысты

11 маусым 2023, 21:54

Агроөнеркәсіп кешенінің жұмысшылар мен мамандары, шаруа қожалығының дихандары семинар-жиын барысында тәжірибе үшін ризашылығын білдіріп, Шымкент өңірінде ауыл шаруашылық саласын дамытуға өз үлестерін қосуға мумкіндік туғанын айтты.

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы мамандары және шаруа қожалықтардың төрағалары бас қосып, инновациялық жаңалықтарды өндіріске енгізу мақсатында арнайы жиын өткізді. Мәселен, бау-бақша дақылдарымен бірге салат көкөністерін егу адам азғасы үшін пайдалы, әрі нарықта жиі сұранысқа ие. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстігінде отандық және шетелдік селекция бойынша салат көкөністерінің ең озық сорттарын конвейерлік технологиямен қалай өсіруге болатыны талқыланды.

Салат көкөнісінің сорттары, соның ішінде райхангүл, салат жапырағы, брокколи қырыққабаты, ақжелкен, руккола, аскөк, жасыл пиязды ашық далада өсіру ауыл шаруашылығының көкөніс кластерін әртараптандыруға ықпал етеді. Нәтижесінде халық сапалы өніммен үздіксіз қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, жасыл көкөністерді өсірудің конвейерлік технологиясы жыл бойы салат көкөністерін алуға мүмкіндік береді

Агроөнеркәсіп кешенінің жұмысшылар мен мамандары, шаруа қожалығының дихандары семинар-жиын барысында тәжірибе үшін ризашылығын білдіріп, Шымкент өңірінде ауыл шаруашылық саласын дамытуға өз үлестерін қосуға мумкіндік туғанын айтты.

Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан берілген мәлімдемеге сәйкес, Шымкентте егістікті әртараптандыру мақсатында биыл 26,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілген екен. Өнімділікті арттыру үшін егін шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары да жүзеге асырылып жатыр. Шаһар маңындағы шаруалар жердің қысқарғанына мән берер емес. Олар жыл сайынғы диқаншылығын жасап, қала халқын ауыл шаруашылығы өнімдерін жетілдіруде. Мемлеукет тарапынан мұндай щаруаларға зор қлодау бар. Атап айтқанда, 2022 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 1 074,0 миллион теңге субсидия (393 өтінім) берілген болса, биыл бұл бағытқа жергілікті бюджеттен жалпы 1 071,8 миллион теңге қаржы қаралыпты.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее