jasqazaq.kz

Шымкенттік шаруа жаңбырлатқыш құрылғының көмегімен мал азығын өсіріп жатыр

11 маусым 2023, 21:55

Аталған жаңбырлатқыш машиналардың көмегімен өнімділік 2 есеге ұлғаяды деп күтілуде. Яғни, жылына 1 100,0 тонна мал азығы жиналады екен.

«Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында дәл осылай деген болатын.

Биыл еліміздің өзге өңірлері сияқты, Шымкент қаласында да шөп бағасы шарықтап, мал азығының қымбатшылығы қос бүйірден қысып тұр. Сонымен қатар шөптің тапшылығы да көптеген шаруашылықтың негізгі мәселесіне айналып отыр. Шынында да бүгінде аймақта мал азығы қымбат әрі тапшы. Дегенмен бұл мәселені шешу үшін тиісті жұмыстар да атқарылуда. Мәселен, Шымкент қаласы Абай ауданы, Нұршуақ елді мекенінде «Бақыт» ЖШС қала аумағына алғашқы болып Valley жаңбырлатқыш машиналарын орналастылып, мал азығын (жоңышқа) өсіруді қолға алған. Жобаның жалпы инвестиция құны 100 млн.теңгені құрайды. Шаруа бұл қаражатқа 51 гектар жерге жаңбырлатқыш машиналарын орналастырыпты.

Аталған жаңбырлатқыш машиналардың көмегімен өнімділік 2 есеге ұлғаяды деп күтілуде. Яғни жылына 1 100,0 тонна мал азығы жиналады екен. «Бақыт» ЖШС директоры Ғабит Ермектайұлы алдағы уақытта қолданып отырған жобасын 100 гектарға жеткізуді жоспарлап отыр.

Ауыл шаруашылығы өндірісі күрделі және қажырлы еңбекті қажет ететін сала. Егіс алқабында дақылдарды өсіру процестерін механикаландыру еңбектің жеңілдеуіне, өнімділіктің артуына және өнімніңөзіндік құнының төмендеуіне ықпал етеді. Машиналарды қолдану жұмыстарды тығыз агротехникалық мерзімдерде жүргізуге мүмкіндік береді.

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы басқармасының мәлімдеуінше, бұл шаруа қожалыққа суару жүйелерін, тамшылатып суаруды құру және кеңейту жобалары бойынша «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсетіледі екен.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее