jasqazaq.kz

Шымкенттік оқушылар оң қанатта сап түзеді

20 сәуiр 2023, 17:12

Шымкент қаласындағы №18 жалпы орта мектебінде қала мектептері арасында «Саптық және әндер байқауы» әскери-патриоттық сайысының ақтық кезеңі өтті.

Жарыс «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» әскери-патриоттық тәрбие бағдарламасының «Жас сарбаз: Бейбіт елдің ұланымыз» аясында 200-ден астам қатысушының басын қосты. Мемлекеттік туды алып шығу және қатысушылардың баяндауы сайысқа ерекше салтанатты реңк беріп, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеудің және аға ұрпаққа құрмет көрсетудің маңызды екенін көрсетті.

Қалалық қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев құттықтау сөзінде мемлекетінің тарихын құрметтеу ғибрат аларлық іс екенін тілге тиек етіп, балаларға Отанның нағыз қорғаушысы болып өсіңдер деген тілегін айтты.

– Мұндай іс-шаралар ұжымның жұмыла жұмыс істеуіне ықпал етіп, әскерге баруды, Отанды қорғауды абыройлы міндетім дейтін жастардың бойында терең рухани сезімін оятты, – деді полковник Әбдіғабит Шегебаев.

Іс-шараның алдында ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекшілері оқушыларымен бірге ән, командаға бірыңғай киім түрін таңдады. Саптық командаларды орындаудың үйлесімді шығуы үшін көптеген жаттығулар орындалды. Жас әскер жасақтарын даярлаудың өзі салмақты және жауапты тәсілімен қызықты болды. Барлық командалар лайықты өнер көрсетті.

«Жас ұлан» республикалық мектебінің бастапқы әскери дайындық және технологиялар бөлімінің бастығы запастағы подполковник Андрей Лысяковтың төрағалығымен қазылар алқасы сөз сөйледі. Оған қалалық Қорғаныс істері департаментінің, білім басқармасының және ардагерлер ұйымдарының өкілдері кірді.

Командаларды даярлау бес ұпайлық меже және мынадай критерийлер бойынша, атап өтсек, баяндаудың анықтығы, киім нысаны, бұйрықты дұрыс беру, сапта жүру және қару-жарақпен саптық тәсілдерді орындау қабілеті бағаланды.

Ұйымдастырушылар байқау нәтижесі оған қатысушылардың бойында мақтаныш сезімін оятқанын атап өтті.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі