jasqazaq.kz

Шымкенттен барған делегация Худжанттағы сауда дәрмеңкесіне қатысты

20 маусым 2024, 13:39

17-19 маусым аралығында Шымкент қаласымен бауырлас Худжанд қаласында өткен «Сугд-2024» Х Халықаралық сауда жәрмеңкесіне қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Асылов бастаған делегация қатысты. Іс-шара аясында Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі У. Әмірханұлы, қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Жұмабекұлы, Соғды облысының төрағасы Раджаббой Ахмадзодамен және Худжанд қаласының төрағасы Ш. Фирдавспен келіссөз жүргізді. Келіссөзде Шымкент пен Худжанд қалалары арасындағы ынтымақтастықты арттыру, экономиканың түрлі салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Сонымен қатар «Сауда-инвестициялық мүмкіндіктер және ынтымақтастықтың әлеуеті» бизнес-форумына қатысқан делегация қаламыздың инвестициялық мүмкіндіктері мен перспективаларын Өзбекстан Республикасының Тәшкен, Наманған, Ферғана, Самарқан, Бұқара, Сырдария облыстарының әкімдеріне, Әзірбайжан Респбуликасының Гянджа қаласының мэріне, Ресей Федерациясының Нижегород, Мәскеу, Свердловск, Пенза, Липец, Челябинск, Воронеж облыстарының губернаторларына және Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясының басшысы мен халықаралық қаржы ұйымдарына таныстырды.
Шымшаһар атынан сауда-жәрмеңкеге кілем бұйымдарын шығаратын «Бал Текстиль» тоқыма кәсіпорны, аяқ киім шығарумен айналысатын «Lux Shoes» фабрикасы, «GraMaD retail», «Маркет» сауда желілері және «Колесников» көкөніс өндірісі өнімдері ұсынылды.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша бизнес-делегация өзге елдерден келген әріптестерімен 5 коммерциялық құжатқа және жалпы сомасы 400 мың АҚШ долларын құрайтын келісімшартқа қол қойды.

Бұл іс-шаралар мегаполистің ынтымақтастықты арттырып, шет мемлекеттермен экономикалық байланыстарды дамытуға ұмтылысын көрсетеді. Бұл іс шара халықаралық байланыстарды нығайтуда Шымкент пен Худжанд арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуда маңызды қадам болып отыр.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі