
Шымкенттегі танымал жоғары оқу орындарының бірінің ғимаратында жыртық ту желбіреп тұр.
Елімізге танымал мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты ғимаратында желбіреп тұрған жыртық ту жұртшылық назарына ілікті. Оқу орнының тура кіреберіс тұсындағы ту алыстан менмұңдалап тұр.
NUR.KZ хабарлағандай, мемлекеттік рәміздің шет тұсының жырым-жырым шыққаны кез келгеннің назарына бірден түседі. Бүгін аптаның сенбі әрі кешкі уақыт болғандықтан бұл жайтқа қатысты білім ордасы өкілдерінен қандай да пікір алу мүмкін болмады.