jasqazaq.kz

Шымкентте жұмыссыздар жаңа кәсіп үйренеді

28 шiлде 2025, 17:56

Шымкент қаласында еңбекке ынталы азаматтарды қолдау, жұмыссыздық деңгейін төмендету және масылдық психологиясынан арылу бағытында жүйелі шаралар қолға алынып отыр. 2025 жылы 770 жұмыссыз азаматты кәсіптік оқытумен қамту жоспарланған. Бұл – мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған нақты қолдаудың бірі ғана. Ең бастысы – жұмыс іздеп жүрген азаматтың өзі де әрекетке келіп, жаңа кәсіпке бейімделуі қажет.

Кәсіптік оқыту шарасы Премьер-Министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №231 бұйрығы негізінде іске асырылып отыр. Жоспарға сәйкес, 610 азаматты білім беру ұйымдарына оқыту көзделсе, тағы 160 адам тікелей жұмыс берушілердің өндірістік алаңдарында оқытылмақ.

Аталған бағыт аясында 34 жұмыс берушіден барлығы 1279 оқыту орнына өтінім түскен. Соның ішінде 18 жұмыс беруші білім беру ұйымдарында оқыту үшін 935 орын, ал 16 жұмыс беруші жұмыс орнында оқыту үшін 344 орын ұсынған. Алайда талапқа сай келмеген бірқатар өтінімдер кері қайтарылып, ақырғы шешіммен 445 оқыту орны мақұлданды. Бұл – өңірлік комиссияның сараптамасынан өткен, еңбек нарығы талап еткен нақты мамандықтар бойынша берілген шешім.

Қазіргі таңда оң шешім алған жұмыс берушілермен келісімшарттар жасалып, азаматтарды кәсіптік оқытуға жолдау жұмыстары жүріп жатыр. Үміткерлер оқуға қатысу үшін ең алдымен тіркелген мекенжайы бойынша аудандық мансап орталығына барып, «жұмыссыз» мәртебесін алуы керек. Осыдан кейін ғана қысқа мерзімді оқытуға жолдама беріледі.

Мұндай мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты – тек жұмыссыздарға жәрдемақы төлеп, уақытша қолдау көрсету емес, ең алдымен олардың өздігінен табыс табуына жол ашу. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды үйрену арқылы әр азамат өзін-өзі қамтамасыз ете алатын деңгейге жетеді. Бұл – нағыз әлеуметтік әділеттілік пен жауапкершілік.

Масылдық – қоғамды тежейтін індет. Мемлекет азаматтарға барынша мүмкіндік жасап отыр: оқу тегін, жолдама дайын, жұмыс берушілердің өзі қызығушылық танытып отыр. Ендігі кезек – азаматтардың белсенділігінде. Қол қусырып көмек күту – өткеннің әдеті. Қазір әрекет етіп, жаңа кәсіпті игеріп, өз ісін бастауға, тұрақты жұмыс табуға мүмкіндік бар.

Жұмыс істеп, адал табыс табатын азамат – мемлекеттің тірегі. Сондықтан еңбекке қабілетті әр адам үшін кәсіби оқыту – тек қолдау емес, масылдықтан арылудың сенімді жолы.

Бибайша Нұржанқызы, 

Шымкент 

Бүгін, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
Бүгін, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания