jasqazaq.kz

Шымкентте жылыжай кешенінің өнімі артып келеді

29 тамыз 2023, 15:37

Шымкент қаласында жалпы аумағы алты гектар аумақты алып жатқан жылыжай кешенінің іске қосылғанына жылға жуықтады. Оның жылдық қуаты 3600 тоннаны құрайды. Яғни онда қияр мен қызанақ өсірілуде.

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, «Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру» аясында шаһарда ауыл шаруашылығы өндірісі саласын дамыту мақсатында жылыжайлар салына бастапты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажеттігін, бұл – стратегиялық міндет екенін атап өтіп, саланы дамытудың негізгі бағыттарын айқындап берген болатын. Биыл негізгі бағыттарды жүзеге асыру мақсатында өңірде ауыл шаруашылығында бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен агроөнеркәсіп кешені жүйесін тиімді жүргізу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Ол жұмыстар «Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру» аясында іске асырылуда. Соның бін нәтижесі қаламызда жүзеге асырылған «Taza Onim» шаруа қожалығының өнеркәсіптік жылыжай кешені» дейді ол.

Ұлттық жобаның басты мақсаты қала аумағында көкөніс өнімдерін өндіру. Бұл жобаны «Taza Onim» шаруа қожалығы 2019 жылы қолға алып, бастапқыда 3 гектар аумақта жылыжай жүйесін орналастырған. Көкөніске деген сұраныстың артуына байланысты қосымша 6 гектарға жылыжай салу жоспарланып, құрылыс жұмыстары екі жылға жоспарланған. Жылдық қуаттылығы 3600 тоннаны құрайтын жылыжай Шымкент қаласының Абай ауданы, Бадам тұрғын алқабында жұмыс істеуде. Жылыжай кешенінде қияр мен қызанақты өсірілуде.

«Тәуекел етіп тірлікке ниет танытсаң болғаны. Қалың орта іздеп, қала кезіп қоныс аудармай-ақ, тұрғылықты жерден табысыңды айырып, іс жасауға болады. Тек ебін таба білсең болғаны. Кәсіп қайда да кәсіп. Мұны Бадам тұрғын алқабының тұрғындары жақсы біледі. Оны осы істерімен дәлелдеп те отыр. Мұны бастаған кәсіпкер бота тірсек балалығы өткен топырақтың түрленуіне тамшыдай болса да үлес қоспақ ниетте» дейді қала әкімі.

Жылыжай кешенін іске қосу арқылы, қала аумағындағы өндірілген өнімнің көлемі артып, енді оны экспортқа шығару жолдары да қарастырылуда екен. Қазірдің өзінде «Taza Onim» жылыжай кешенінің өндірілген өнім қала тұрғындарын сапалы, табиғи таза өніммен қамтамасыз етуде. Бүгінгі таңда жылыжайдың тең жарымынан астамына қызанақ отырғызылса, қалғанына қияр орналастырылған. Тұқымды шет елден агромагазиндер арқылы арнайы тапсырыспен алдыруда. Негізгі тұқым Голандиялық сұрыптар болып саналады.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры