jasqazaq.kz

Шымкентте жоғалған 10 жасар бала табылды

20 шiлде 2016, 14:25

2016072014214030803_bala-350x198

Кеше Шымкент қаласында із-түссіз жоғалып кеткен 10-жастағы Тұрсынбек Ұлықбек үйіне оралды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Естеріңізге салсақ, 2016 жылдың 19 шілдесі күні, Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-не 38-жастағы жергілікті тұрғын, өзінің 2006 жылы туған кәмелет жасқа толмаған ұлы Тұрсынбек Ұлықбек Алмасбекұлы 18 шілде күні сағат 15.00-дер шамасында «Бекжан» базарында анасынан әжетханаға барамын деп сұранып, содан қайта оралмай, із-түссіз кеткенін хабарлағаны туралы жариялаған болатынбыз.

Аталған арыз Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркелді. Жасөспірімді іздеуге ОҚО ІІД-нің барлық жеке құрамына бағыттама берілді. Жедел уәкілдердің анықтағаны, жасөспірім осының алдында да бірнеше рет үйінен кетіп қалған.
Белгілі болғандай, 19 шілде күні кешке полицейлер жасөспірімнің анасымен бірге жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, қаладағы базарлардың бірінен 10-жастағы Тұрсынбек Ұлықбекті дені сау күйде тапты. Денсаулығына ешқандай зиян келмеген.

Тәртіп сақшылары жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізді. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жай анықталуда.

kaz.365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде