jasqazaq.kz

Шымкентте жасыл желектерге көктемгі күтім жасалып жатыр

20 сәуiр 2023, 15:17

Арнайы бригадалар газондарды орып, ағаштарға күтім жасауда. Көгалдандыру шараларына 270 жұмысшы, 28 техника және 176 көгалшапқыш жұмылдырылған.

Шымкент қаласында жасыл желектерге көктемгі күтім жасалуда. Қалада магистральді көшелер көгалдандырылып, жасыл желектер ретке келтірілуде. Арнайы бригадалар газондарды орып, ағаштарға күтім жасауда. Көгалдандыру шараларына 270 жұмысшы, 28 техника және 176 көгалшапқыш жұмылдырылды.

Қазіргі таңда Тұран ауданы аумағындағы айналма жолдардың жиегі көпжылдық гүлдермен көмкерілуде. Сальвияның — 6 000, цинерарияның — 2500, остеоспермумның — 1500, шафранның — 6000 данасы белгіленген аумақтарға отырғызылуда. Алдағы уақытта арнайы орындарға жалпы саны 550 мың түп көпжылдық және біржылдық гүлдерді отырғызу жоспарлануда. Көріктендіру шараларына жұмысшылар мен техникалар жұмылдырылып, агрономдар мен дизайнерлер атсалысуда.

Ал, Қаратау ауданында тұрғындардың қатысуымен орталық көшелердің бойына және көп қабатты үй аулаларына 5000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Одан бөлек, аудан аумағында 3 аллеяның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл күзгі маусымда қала аумағына отырғызылатын көктем гүлдерінің санын 2 миллион данаға жеткізу жоспары бар. Айта кетейік, қалада «Қызғалдақтар маусымы» басталды. Үшінші мегаполистің символына айналған қызғалдақтар бүгінде бүр жарып, қаланың көркін айшықтай түсті. Сары, қызыл, көк, күлгін түсті қызғалдақтардың 1 миллион данасы айналма жолдар мен орталық көшелерге, саябақтар мен гүлзарларға отырғызылды. Голланд қызғалдақтары әр ауданға орташа есеппен 200 мың дана егілді. Сондай-ақ, биыл күзгі маусымда қала аумағына отырғызылатын көктем гүлдерінің санын 2 миллион данаға жеткізу жоспары бар. Өз кезегінде бұл гүлдер қала сәнін одан сайын кіргізері анық.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала аумағында жасыл желекті көбейтуді тапсырған болатын.

Мерей Әлімбек

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата