jasqazaq.kz

Шымкентте «Жасыл ел» бағдарламасы іске қосылды

24 маусым 2024, 10:47

«Жасыл ел» атауы әрбір жасқа жақсы таныс. Шымкент қаласында жалпыұлттық жобаның жаңа еңбек маусымы қайта басталды. Жоба жастарды еңбекке баулуды, табиғатты аялауға шақыруды көздейді.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Жасыл ел» еңбек жасағы 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама. Аталмыш бағдарлама көптеген жастың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, елімізді жасыл желекке айналдыру мақсатында олардың жалын-жігерін, күш-қуатын бір арнаға тоғыстыра алды. Сондай-ақ, жастарға жазғы демалыстарын босқа өткізбей, жұмыс істеп, қосымша қаржы табуға молынан мүмкіндік тудырды. Осы орайда Шымкентте де еңбек жасақтарында еңбек етіп жүрген жастар саны жылдан жылға артып келеді. Бұл қаладағы жұмыссыз жастардың санын азаюына да ықпал етіп отыр. Атап айтқанда қалада еңбек жасақтарының биылғы маусымында 1300 жас жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Жобаның жастар үшін маңызы зор. Өйткені қаланың белсенді жастары «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы қаланың көркеюіне бар күштерін салатын болады. Ең бастысы еңбекпен нәпақа табуды үйренеді.

– Жалпыұлттық жоба 2005 жылдан бастап сәтті жүзеге асырылып келе жатқан ауқымды жобаның бірегейі. Бағдарлама құрылған алғашқы жылдары-ақ оң нәтиже беріп келеді. Бұл жастар арасындағы ең танымал бағдарламалардың бірі десем, артық айтқаным емес. Бағдарлама аясында жас қазақстандықтар қалаларды көгалдандыруға қатысып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосып келеді. Сонымен қатар жоба еңбекке баулып қана қоймай, жастарды ортақ идеялар төңірегінде топтастырады. Жаңа достар тауып, өздерінен кейінгі іні-қарындастарына үлгі болады, – дейді Шымкент қаласы бойынша координаторларының бірі Қуаныш Нұрлыислам.

«Жасыл ел» еңбек жасақтарына өтінім қабылдау мамыр айынан баcталып, ерікті жастардан топ құрылған. Жобаға 16-34 жас аралығындағы жұмыссыз жастар қатыса алады. Еңбек сарбаздарына арнайы киім үлгісі және қажетті құрал-жабдықтар беріледі. Айта кетейік, жастардың жұмыс тобы 5 ауданға бөлініп, күніне 4 сағаттан тиімді, пайдалы жұмыстар атқарады. Жалпы қала бойынша биылғы жылы 1300 жасты жұмыспен қамту жоспарлануда. Жоба Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өтуде. Жастар құжаттар мен өтінімді «Жасыл ел» штабында аудан бойынша жауапты ретінде бекітілген арнайы қызметкерге тапсырады. Орын саны шектеулі.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде