jasqazaq.kz

Шымкентте жасыл алқаптарды кеңейту жобасы қолға алынған

23 маусым 2023, 12:27

«Жасыл Қазақстан» – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген Ұлттық жоба. Осы арқылы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартып, халыққа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру көзделіп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының айналасын жасыл белдеуге айналдыру көзделіп отыр. Бұл туралы Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мәлімдеді.

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы қарқынды баудың көлемін ұлғайтуды да жоспарлап отыр. Яғни, өткен жылы ағаш егу жұмыстарына 250 гектар жер бөлінсе, келер жылы бұл жұмыстарды жалғастыру мақсатында қосымша тағы 2250 гектар жер қарастырылған. Осы орайда, биылғы жылы 3 мың гектар жерге көшет отырғызу жоспарланса, ал 2024 жылы 3 200 гектар тағы қосылмақ.Сондай-ақ, бұл көрсеткішті 2025 жылы тағы 4300 гектарға арттыру межеленіп отыр. Нәтижесінде жасыл аймақтың жалпы көлемін 13 мың гектарға ұлғайту қолға алынап отыр. Жасыл аймақтарды ұлғайту мақсатында егуге ұсынылатын ағаштар тізбесінде шаған, бадам, қарағаш және жиде ағаштары да бар.

Сонымен қатар, алдағы 3 жылда инвесторлардың көмегімен қаланың бірыңғай гидрологиялық жүйесі жаңғыртылмақ. Қалдық сулар мен жауын-шашын жиналатын арық-атызды тазарту мен реттеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Шымкентте 36 канал мен 2 су қоймасы бар. Сонымен қоса Қошқар ата мен Қарасу өзендері, Жаңашек, Ақсай-Қарабастау, Тоғыс, Сасық, Ынтымақ каналдарының бойы тазартылмақ.

– Кей тұстарын қалпына келтірсек, енді бір тұстарында жаңа нысандар соғамыз. Мұндағы мақсатымыз – ирригациялық, суару жүйесі артық шығынсыз болуы тиіс. Яғни, біз арықпен суару жүйесіне қайта ораламыз. Жазда жаңбыр жаумаса, қалада шаң көтерілетіні ешкімге таңсық емес. Жазғы шілдедегі, аптап ыстық күндердегі жағдайды айтпасақ та болады. Осыны реттеу керек. Қаланың орталығын да қосымша көгалдандыруды қарастырамыз. Егер жаяу жүргіншілер жолындағы тас төсеніштер жарамсыз күйге түсіп, қажет болмаса, ол жерлерді де көгалдандырамыз, — делінген басқарма хабарламасында.

Айта кетейік, қалалық жер қатынастары басқармасы тарапынан Қошқар ата өзенінің бойындағы 178 жер учаскесін мемлекет қажетіне алу жұмысы жалғасуда. Былтыр 13 учаске мемлекетке қайтырылып, 66 учаске бағаланған. Биыл қалған 99 учаскені бағалап, өтемақы төлеу жұмысы жалғасады. Өзен бойын абаттандыру жобасының жобалық-сметалық құжаттандыру жұмысы осы жер учаскелерін мемлекет қажетіне алу жұмыстары аяқталған соң ғана жасалады.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее