jasqazaq.kz

Шымкентте жастармен арт-терапиялық семинар-тренинг өткізілді

23 сәуiр 2023, 19:54

Аталған іс-шараның мақсаты – жастар арасында кездесетін психологиялық теріс түрлі мінез-құлықтардың алдын алу.

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ашық алаңда Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі мен Оңтүстік Қазақстан жоғарғы медициналық колледжі жастары арасында «Балалық шақ — бақытты аспан астында» тақырыбында арт-терапиялық семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның мақсаты – жастар арасында кездесетін психологиялық теріс түрлі мінез-құлықтардың алдын алу. Семинар-тренинг жастар арасында командалық құраммен басталып, сайыс түрінде ұйымдастырылды.

Тренинг барысында жастар арасында кездесетін психологиялық мінез-құлықтар мен мазасыздықтар жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, түрлі арт-терапиялық ойындар ойнатылды. Cондай-ақ, Индустриялды техникалық колледжінде «Өмір — сен маған қымбатсың» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Орталық психологымен өткен кездесуде жастарға аутодеструктивті іс-әрекет, құқықбұзушылық және зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сергіту сәтіне арналған бірнеше жаттығулар ойнатылды.

Айта кетейік, Жастар ресурстық орталығы мен С.Нұрмағамбетов атындағы № 72 жалпы орта білім беретін мектебінің бірлесе ұйымдастыруымен қыздар мен ата-аналар арасында «Қыз – өмірдің қызғалдағы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Аталған кездесу қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау және келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, өмірге құштарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Семинар-тренингке мектеп психологы Бекбосынова Кулия Даулетқұлқызы, мектеп медбикесі — Муталиева Базаркүл Курбаналиева қатысты. Олар кездесу кезінде, ерте жастағы жүктіліктің қауіп-қатері мен оның алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, тренинг соңында семинарға қатысушы оқушылар, ата-аналар және сынып жетекшілер арасында профилактикалық жұмыстар мен тренинг жаттығулары жүргізілді.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі