jasqazaq.kz

Шымкентте Жаңару күніне орай «Наурыз — Жаңару жаршысы» атты ағаш егу акциясы өтті

19 наурыз 2024, 21:33

19 наурыз — әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні Шымкентте тойлануда.

Бүгін Жаңару күніне орай, қала әкімі, қалалық ҚХА төрағасы Ғабит Сыздықбеков бастаған маслихат депутаттары, ардагерлер, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, жастар өкілдері А. Асқаров атындағы дендросаябақта 50 түп сәндік ағаштар, 31 катальпа, 25 түп үйеңкі ағашын отырғызды.

Тал егу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев жиналған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтап, ақ батасын беріп, бүгін қала аумағында егілген жаңа көшеттер ¬бірнеше жылдан соң өніп шығып, ағаштар жеміс бергені сияқты жаңа идеялар бен құндылықтар өз жемісін беріп, қоғамымыз нығайып, өркендейтіні сөзсіз деді.
«Жаңару» күні барша азаматтар ортақ мақсатқа жету жолында бірігіп, ата-бабамыздан келе жатқан ынтымақ пен бірлікті көрсетті.

Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктердің барлығы ұлттық киім киіп, бұл күннің шырайы мен маңыздылығын одан сайын арттыра түсті.

02 мамыр, 16:21
Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды
01 мамыр, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства