jasqazaq.kz

Шымкентте жаңа медициналық сауықтыру орталығы ашылды

07 мамыр 2023, 11:33

Медициналық мекемеде 40 пациентке дейін күндізгі және тәулік бойы қызмет алу мүмкіндігі бар Бүгін Шымкент тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсететін «BEL MED» медициналық сауықтыру орталығының лентасы қиылды. Медициналық мекемеде бел-омыртқа, мойын жарығы, остехондроз ауруларын емдеуге басымдық берілген. Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мулкеманов қаламызда медициналық қызметтің сапасын жақсартуда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қызмет көрсететін емханалардың үлесі көп, деп атап өтті.

– Жеке клиникалардың көптеп ашылуы бәсекелестіктің артуына, нәтижесінде медициналық қызмет сапасының жақсаруына ықпал етеді, – деді аудан әкімі Р.Мулкеманов. Медициналық мекемеде 40 пациентке дейін күндізгі және тәулік бойы қызмет алу мүмкіндігі бар. Орталықта тұзды шахта, әйелдер және ерлерге арналған бассейн, массаж, емдеу кабинеттері және электрофорез бөлімдерінде 22 маман-дәрігер қызмет көрсетеді.

– Біздің өзге орталықтардан ерекшелігіміз – тракциялық емдеу. Бұл терапия бел, кеуде және мойын жарығы немесе протрузиясын емдеу ісінде таптырмайтын әдіс. Орталықтың бірінші қабаты күндізгі стационарға арналса, екінші қабатында науқастар дәрігер-невропатолог, физиотерепевтерден тәулік бойы ем алады. Алдағы уақытта МӘМС арқылы тұрғындарға ақысыз қызмет көрсетуді де жоспарлап отырмыз, – дейді «BELMED» медициналық сауықтыру орталығының бас-маманы, неврорпотолог-дәрігер Нұрсұлтан Қабатаев.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша стационарлық көмек көрсететін 15 медициналық ұйым бар. Ал, жалпы төсек-орын саны 3407 құрайды. Сонымен қатар, қалада көп бейінді 4 стационар бар. Оның ішінде қалалық клиникалық ауруханасында 490 төсек орын, №2 қалалық ауруханасында 390 төсек орын, №3 қалалық ауруханасында 210 төсек орын, қалалық балалар клиникалық ауруханасында 315 төсек орын бар. Сондай-ақ қалада 5 монопрофильді стационар да жұмыс істейді. Шымкент жүрек орталығында 134 төсек орын, қалалық онкологиялық орталықта 231 төсек орын, Т.О.Орынбаев атындағы гипербарикалық оксигенация орталығында 125 төсек орын, психикалық денсаулық орталығында 435 төсек орын, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы 360 төсек орынмен жабдықталған.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
Бүгін, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
Бүгін, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында