jasqazaq.kz

Шымкентте жаңа 12 бағдаршам орнатылуда

16 мамыр 2023, 10:42

Шымкентте жол қауіпсіздігінің алдын-алу мақсатында жыл сайын жаңа бағдаршамдар орнатылып жатыр. Мәселен, 2022 жылы қажеттілігі бар аймақтарға 12 бағдаршам орнатылып, қала көшелеріне жалпы 450 шақырым жол таңбалары сызылған және 4000 жол белгісі қойылған болатын.

Ал биылғы жылы да 12 орынға бағдаршам бекіту жоспарланған.Сондай-ақ, қала көшелеріне жалпы 400 шақырым жол таңбалары сызылады. 800 метр жасанды жол кедергілерін әлеуметтік маңызы бар мекемелердің алдына қою және 3500 жол белгілерін орнату жоспарда бар. Жалпы қала аумағында орналасқан 291 бағдаршам нысандарын күтіп ұстау жұмыстары тұрақты түрде атқарылып жатыр.

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы нақты жол саласын дамыту бағытында жұмыс істейді. Соның бірі — қала аумағындағы жол көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осыған орай, жол белгілері, жасанды жол кедергілері орнатылып, жаяу жүргіншілер өткелдері мен жол таңбалары сызылады.

Басқарманың салаға жауапты мамандары күнделікті қала көшелерінде зерделеу жұмыстарын қарқынды жүргізеді.

Ағымдағы жылы қала аумағында сонымен қатар, шағын аудандар мен тұрғын алаптардың әлеуметтік маңызы бар орындарында жол жүрісі қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында ҚР Жол жүрісі қағидаларының 1.16.1 (жасанды бұдырлық), 5.16.1-5.16.2 (жаяу жүргінші өткелі) қажетті аймақтарға 800 метр жасанды жол кедергілері орнатылады.

Айта кетейік, жасанды жол кедергілері әлеуметтік маңызы жоғары емхана, мектеп, балабақша секілді мекемелердің аумағына орнатылады. Сондай-ақ, 2023 жылы қажеттілігі бар аймақтарға 15 бағдаршам орнату жоспарлануда. Қала көшелеріне жалпы 400 шақырым жол таңбалары сызылып, 3500 жол белгілері орнату жоспарланып отыр.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
Бүгін, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
Бүгін, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында