jasqazaq.kz

Шымкентте жақсы және қанағаттанарлық жолдар 71,2% пайызға жетпек

03 сәуiр 2023, 23:16

Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде, қаланың магистралды және ішкі орам көшелерінің 2066,1 шақырымы асфальт жол. Бұл жолдардың асфальт үлесімен 63,6% пайызды құрайды.

Ал қала меншігіндегі 1024 шақырым жол, яғни 31,5% пайызы шағал тас төселген көшелер.
2022 жылдың қорытындысымен қала аумағындағы жолдар мен елді мекендердің көшелеріне жол құрылыс жұмыстар 287,8 шақырымға жүргізілді. Ал, 2023 жылы 256,8 шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Ал, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 2022 жылы 67,4% пайызды құрады.
Ал 2023 жылы 71,2% пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 256,3 шақырымды құрайтын 152 нысанда немесе 294 көшеге жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ал, 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстарын 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге жүргізу жоспарлануда.

Басқарманың мәліметінше, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2021-2025 жылдарға жоспар бекітілген. Соған сәйкес атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2021 жылдың соңында шаһарда жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 63,6 пайызға жеткен. Ал, 2022 жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 190 нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 2 нысан жолайрықтың құрылысы жүргізіліп, біреуі толығымен аяқталды.

Оған қоса Ақжайық, Тассай, Азат, Нұртас шағын аудандарында жалпы 17 көше күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, орташа жөндеу жұмыстары бүгінгі таңда 303 көшеде жүргізілген. Шағын аудандар мен тұрғын алаптарда жалпы ұзындығы 122,7 шақырым көшеге шағал тас төседі. Осы жұмыстардың нәтижесінде Шымкенттегі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі биыл 67,4 пайызға жетіп отыр. Айта кетейік, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығымен» Шымкент қаласының әкімдігі жолдың сапасын арттыру мақсатында арнайы келісімшарт жасаған. Соған сәйкес, Шымкентте жыл басынан бері 197 нысанға жол сапасын тексеру бойынша сараптама жасалыпты.

Мерей Әлімбек

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата