jasqazaq.kz

Шымкентте заңсыз ауланған 200-ден астам құс босатылды

21 желтоқсан 2023, 10:56

Шымкентте табиғатты қорғау полициясы 200-ден астам заңсыз ауланған құсты босатты. Polisia.kz хабарлағандай, құқық бұзушылық жасаған қаланың 4 тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы бойынша жауапқа тартылды. Тәртіп сақшылары оларды пролактикалық іс-шаралар жүргізу барысында қаладағы жабық базардың аумағынан анықтады. Мұнда заң бұзушылар кішкентай торғайларды сатып тұрған. Полицейлер торлардан 212 құсты босатты. Сондай-ақ табиғатты қорғау полициясының инспекторлары Түркістан облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамымен бірлесіп жүргізген рейд барысында жабайы үйректерді заңсыз аулаған азаматты анықтады. Оған қатысты ӘҚБтК-нің 382-бабы және 484-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Құқық қорғаушылар тұрғындарға заңсыз аң аулағаны үшін заңнамада көзделген жауапкершілік туралы еске салады және өңірдің экологиялық әл-ауқатын сақтауға, табиғат пен жануарлар дүниесін қорғауға шақырады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі