jasqazaq.kz

Шымкентте залалсыздандыру жұмыстары жалғасып жатыр

11 маусым 2023, 21:26

Шымкентте масаға қарсы дәрі бүрку жұмыстарының алғашқы жүзеге асырылды. Жалпы, қалада мұндай залалсыздандыру жұмыстарының 4 кезеңі жоспарланған. Бұған қоса кеміргіштерге қарсы күрес те қатар жүргізілуде.

Жауапты мамандар бұл жолы адамдар көп жүретін қоғамдық орындар, атап айтқанда дендросаябақ пен «Қасірет» мемориалы аумағында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Мұндағы жолдардың бойына арнайы техникамен дәрі бүркілді.

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бұл дәрі тек масаға әсер етеді, адамдар мен құстарға зиянды әсері жоқ.

– Қаламызда биыл бірінші рет қолға алынған масаға қарсы дәрілеу жұмыстарына сәйкес, жалпы аумағы 4 млн шаршы метрге жуық жерді өңдеуден өткізу жоспарланған. Оның ішінде 1,3 млн шаршы метр – өзен-каналдар аумағы, 2,3 млн шаршы метр – саябақтар аумағы, ал қалған 855 мың шаршы метр – гүлзарлар мен аллеялар аумағы. Залалсыздандыру жұмыстары жаз бойы жүргізіледі. Саябақтар мен гүлзарлардағы тиісті жұмысты – бір мекеме, ал өзен-каналдар аумағында екінші мекеме жүргізеді, – деді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров.

Мамандардың айтуынша, бұған қоса, қала аумағындағы кеміргіштерге қарсы улау және ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық ауруларына қарсы жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде жылқы мен шошқаға дәрі бүркілсе, уақ мал арнайы сұйықтыққа тоғытылады, қора-жайлар мен буферлік аумақтарға дәрі бүркіледі.

Қала аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық ауруларының алдын алу, жануарларды, үй-жайлар және өзге де аумақтарды жәндіктерден қорғау мақсатында залалсыздандыру жұмыстары да жүріп жатыр.

Қазіргі таңда саябақтардың 589 150 шақырымы, гүлзар мен аллеялардың 142 670 шақырымы, 430 000 шақырым өзен-каналдың аумақтары масаға қарсы залалсыздандырылды. Сонымен қатар, мамандар 136 800 шақырым өзен-канал аумағы кеміргіштерге қарсы, 434 536 шақырым қоражай мен оларға жапсарлас аумақтарды кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді.

Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бұл жұмыстарға 6 автокөлік (бүркуіш аппараттарымен), 6 бригада жұмылдырды. Атап айтқанда, биыл кеміргіштерге қарсы жылдың көктем және күз мезгілдерінде 37 өзен-канал, 11 саябақ, 38 гүлзар мен аллеяларды дезинсекциялау жоспарда тұр.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде