jasqazaq.kz

Шымкентте туризм саласының өкілдеріне арналған семинар өтеді

03 сәуiр 2023, 18:01

2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласына сыртқы және ішкі туризм бойынша келушілердің саны жыл санап көбейіп келеді. Туристер санының артқанын ескере отырып, «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы қаламыздың гид-экскурсоводтары мен қонақ үй қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды назардан қалдырған емес. Осы мақсатта гид-экскурсоводтар мен қонақ үй қызметкерлері арасында жыл сайын семинар ұйымдастырылады. Осымен үшінші жыл қолға алынған семинар биыл қазан айында өтеді деп жоспарланған.

Іс-шараның басты мақсаты – қызмет көрсету сапасын арттыру және туризм саласындағы мамандардың білімін жетілдіріп, сервисты жақсарту болып табылады, дейді сала мамандары. Семинар-тренингті бизнесті дамыту, нарықта брендті сату және ілгерілету жөніндегі кеңесшілер, сертификатталған шетелдік коуч-мамандар және топ позицияларында ұзақ жұмыс өтілі бар жергілікті білікті практиктер жүргізеді. Бес күнге созылатын іс-шара соңында қатысушыларға арнайы біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табысталады. Семинарға 40-тан астам гид-экскурсовод пен қонақ үй қызметкерлері қатысатын болады.

Тәжірибелі мамандардың айтуынша аймақтың туризмін одан әрі дамыту үшін шетелдік арналарға жарнамаларды көбірек шығарып әр қаланың әдемі жерлері туралы роликтердің жариялануына жалпы маркетинг бағытын қарқынды қолға алу қажет екендігін айта өтті. Сан ғасырлық тарихы бар Шымкент қаласының туристік әлеуетін жетілдіруде, отандық және шетелдік туристерге ақпарат жеткізуде экскурсия жетекшілері мен гидтердің рөлі ерекше. Себебі кәсіби гид-экскурсовод бұл туристерге алғашқы әсер қалдыратын тұлғаның бірі. Сондықтан семинарда – қаламызға келетін туристермен жұмыс істейтін гид-экскурсоводтардың біліктілігін арттыруға басымдық беріледі деп күтілуде.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі