jasqazaq.kz

Шымкентте тазалық пен тәртіпті бұзғандар жауапқа тартылды

05 тамыз 2025, 10:45

 Шымкент қаласында 1–14 тамыз аралығында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза Қала» атты профилактикалық іс-шара өтуде. Шымкент әкімдігінің мәліметінше, бұл іс-шараның негізгі мақсаты – қала аумағында санитарлық тазалықты сақтау, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындардың экологиялық және құқықтық мәдениетін арттыру.

Рейд жұмыстары Шымкент қалалық полиция департаменті мен қала әкімдігі бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілетіні мәлім.  Өйткені тұрмыс қалдықтары күн сайын жиналып, шығарылса да, «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында тұрақты түрде сенбілік өткізілсе де, кейбір тұрғындар тазалық сақтамайды. Ондай жауапсыз адамдар қоқысты жолдың шетіне, жасыл аймақтарға, тіпті көпқабатты үйлердің ауласына тастап кетеді. Мұндай тәртісіздік қоршаған ортаға залал келтіріп қана қоймай, санитарлық жағдайды нашарлатады. Қала тұрғындарының денсаулығына қауіп төндіреді. Сонда-ақ  шаһардың көркін бұзады.

Қаланың тазалығы — баршаға ортақ міндет. Сондықтан қала әкімдігі мен құқық қорғаушылар тұрғындарды тәртіпке шақырып, коммуналдық сала қызметкерлерінің еңбегін құрметтеуге үндейді. Тек бірігіп әрекет еткенде ғана үшінші мегаполисті таза, жайлы, көрікті қалаға айналдыруға болады. Бұл бір жағынан қалаға туристерді көптеп тартуға септігін тигізетіні анық.

Әкімдік пен полиция департаменті бірлесіп жүргізетін рейд нәтижесінде бірқатар азаматтар мен кәсіпкерлік нысандардың иелері санитариялық талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда тыныштықты бұзған тұлғаларға да заң шеңберінде шара қолданылды.

Шара аясында аулалар мен көшелерге, саябақтар мен скверлерге, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың тазалығына ерекше мән берілуде.

Құзырлы органдар қала тұрғындарын тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға тастауға, тазалық пен тәртіпті сақтауға және айналадағылардың тыныштығын құрметтеуге шақырады.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі

 

 

 

 

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті