jasqazaq.kz

Шымкентте тауар өндірушілердің өңіраралық көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр

20 наурыз 2023, 22:33

Бүгін қаладағы «Көрме» орталығында Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстары тауар өндірушілерінің өңіраралық көрме-жәрмеңкесі басталды. Көрмеде химиялық, машина жасау, тамақ, жеңіл, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары мен агро-өнеркәсіп кешенінің, жалпы 100-ден астам кәсіпорын өз өнімдерін ұсынуда.

20-21 наурыз аралығына жоспарланған көрме-жәрмеңкенің басты мақсаты – отандық тауар өндірушілердің жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдерімен кеңінен танысу, жаңа серіктестер іздеу және өзара тиімді келісімдер жасасу. Өңіраралық іс-шара отандық өндірушілерді насихаттауға бағытталған және кәсіпорындарды дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге және импортты алмастыратын өнімдердің ассортиментін арттыруға ынталандыруды көздейді.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Жамбыл және Қызылорда облыстарының әлеуетті кәсіпорындарының өнімдерімен танысып, көрменің жұмысына сәттілік тіледі. Шаһар басшысы отандық өнімдерді таныту, серіктестікті нығайтуда мұндай көрме алаңдардың маңызы зор екенін атап өтті.

Жәрмеңкедегі кәсіпорындардың қатарында «Рахат-Шымкент» ЖШС (кондитерлік өнімдер), «Шымкентмай» АҚ (өсімдік май, майонез, тұздық, сабын), «ВИЗиТ» алкогольсіз сусындар зауыты» ЖШС (алкогольсіз сусындар), «Бал Текстиль» ЖШС (кілемдер және кілем бұйымдары), «Шымкент-Кашемир» ЖШС (тоқыма бұйымдары (түйе жүнінен жасалған киім және шұлық) және басқа қаланың танымал компаниялары бар. Сонымен қатар, көрші Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының өнеркәсіптік кәсіпорындары өз өнімдерін таныстыруда.

Айта кетсек, өткен жылы қалада өнеркәсіп өнімінің көлемі 937 миллиард теңгеге жетіп, 2021 жылға қарағанда өсім 5,9% құрады. Мегаполисте қазір 2 мыңға жуық өнеркәсіпорны жұмыс істеп тұр. Олардың 80%-ы өңдеу өнеркәсібімен айналысады. Қаламыз бүгінде мақта майын, мақтадан жасалған мата, дәрі-дәрмек, цемент клинкерлерін, мұнай өнімдерін өндіруде республикада 1-орын, өңделген шай және кофе, тазартылған күнбағыс майы, шыны ыдыс, макарон өнімдерін өндіру бойынша 2-орынды иеленуде.

Бибайша Нұржанқызы

11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды